Мазмұнға өту

СДР

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
СДР

СДР [1] (ағылш. specіal drawіng rіghts, SDRs) – Халықаралық пұл қоры (ХВІ) шығаратын төлем және сақтық қор құралдары. Оның меншікті құны мен нақты кепілдігі болмайды, бірақ төлем теңгерімдерін реттеу, ресми валюталық сақтық қорларды толықтыру, ұлттық валюталардың құнын өлшемдестіру жөніндегі дүниежүзілік ақшаның бірқатар міндеттерін орындайды. Халықаралық валюта қорына мүше бірқатар елдердің жиынтық міндеттемелері ретіндегі СДР-дің артықшылығы – оны бірте-бірте халықаралық валюта жүйесіндегі басты белсенді сақтық қор құралдарына айналдыруға мүмкіндік беру. Бағамы арнаулы бес валютаның (неғұрлым дамыған елдер – АҚШ, Германия, Жапония, ҚХР, Ұлыбритания – валюталарының белгілі бір үйлесімінде) орташа өлшемделген бағамы негізінде айқындалатын жасанды ұжымдық ақша өлшемін таңбалау үшін де осы термин қолданылады. Оны әдетте “арнаулы өзара қарыз беру құқықтары” деп аударып жүр. [2]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
  2. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том