Саяси қатер
Саяси қатер - биліктің, құқықтық тәртіптің іргесін шайқалтып, сапырылыс, өзара қырқыс, қақтығыс туғызып, жаппай азғындау туындататын, ұлттық тәуелсіздікті жоғалтуға, мемлекетті әлсіретіп, күйретуге, азаматтарды саяси құқық пен бостандығынан айыруға, халықтың, қоғамның, оппозицияның билік орындарына ықпал ету мүмкіндігін жоққа шығаруға септесетін әлеуметтік құбылыстар, үрдістер, іс- қимылдар. Бұл, ең алдымен, қандай да бір әлеуметтік-саяси субъектілердің билік үшін күресте өзара егесті іс-әрекеті. Жалпылама түрғыдан cаяси қатер 3 топқа бөліп қарастыруға болады:
- а) саяси салаға төнетін қатер, бұл қоғам өмірінің өзге салалары - экономика, әлеуметтік құрылым және әлеуметтік қатынас, зиянды рухани-имани үрдістер, әскери қорғаныс істері және т.б. тарапынан төнеді;
- ә) экономикаға, әлеуметтік қатынастарға, әскери қауіпсіздікке және т.б. төнетін қатер, бұлар саяси саладан өрбиді;
- б) саяси саланың өз ішінен туып, өзіне қатер болып төнетін қауіп.
Саяси қатер зерттеуші кейбір ғалымдар (С.Робок, С.Кобрин, Дж.Саймон) оларды таралатын экономикалық субъектілер деңгейіне қарай макро және мик-ро-қатерлер деп жіктейді. Макроқатер өздері орналасқан елдегі бүкіл шетел субъектілеріне әсер ететін саяси оқиғалар ықтималдығымен қоса қабат жүреді. Микроқатерлерге сала, фирма немесе жекелеген жобаға тән қатерлер жатады.
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |