Мазмұнға өту

Стефан Ольсдаль

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет


Стефан Ольсдаль Швецияның Гётеборг қаласында 1974 жылы 31 наурызда ауқатты банк қызметкерінің отбасында туылған.

Стефан өзінің оқуын швед мектебінде бастады, алайда оның отбасының Люксембургке көшкендігінен, ол Брайан Молко оқып жүрген Америкалық Халықаралық мектепте оқуын жалғастырды. Олардың айтуы бойынша, Стефан баскетбол командасының құрамында болған, осыған байланысты ол қарапайым бала болып көрінді. Сонымен қатар, бұған қарамастан Стефан қазір Англияның ең керемет басисттерінің бірі болғанымен, ол өзінің жолын 1987 жылы Dr. Zhivago мектеп тобына кіруінен бастады, әрі ол дабылшы болған.

18 жасында оның талғамы өзгерді, музыкалық ықпалдан Стефанды әрқашан да Depeche Mode, Eurythmics, The Cure және Дэвида Боуи деп атайды.

Стефан мектепті қайта Швецияға келіп, аяқтады және мектепті бітіргеннен кейін ол отбасымен бірге Лондонға барды. Мұнда ол Музыкалық Институтке түсті.

Брайан Молко және Стефан бір-бірін мектеп кезінен бастап біледі, алайда ол кездерде олар бір-бірімен араласқан жоқ, өйткені әр түрлі компанияларға тиесілі болды. Бірақ, біраз уақыттан кейін мектеп бітірісімен Брайан мен Стефан лондондық метрода, South Kensington атты станцияда кездескен. Молко өзінің Стив Хьюитпен клубтағы орындауына Стефанды шақырады. Бұл орындаудан кейін, Брайан мен Стефан ортақтасып, Стеф оған бірге топ құруды ұсынады.

2006 жылдан бастап Стефанда Давидом Аменмен жаңа сайд-жоба пайда болды. Олар би кештерін диджей ретінде ұйымдастыра бастады. Ал 2008 жылы бұл тәжірибелер Hotel Persona жобасына In the clouds альбомымен бірге айналды.

Жеке өмірі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Стефан ашық гей болып келеді. Ол өзінің серігімен гей-сауық кешінде танысқан. Ұзақ жылдар бойы оның серігі испан Давид Амен болып келеді. Стефан ағылшын, итальян, француз және неміс тілін жетік меңгерген.

Дереккөздері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Орыс Уикипедиясынан аударылды.