Мазмұнға өту

Уикипедия:Мақалаға бастама

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(Уикипедия:Бастама бетінен бағытталды)

Мақалаға бастама немесе Stub дегеніміз - энциклопедиялық мақала талаптарына жауап беретін, қоғамдық және ғылыми маңызы бар тақырыпқа (мәселеге) арналған мақала.

Уикипедияда мақаланың көлеміне қатысты шектеу болмағандықтан оның мазмұны жаңа деректердің пайда болуына қарай дамып отырады. Алайда жақсы мақала бір күнде жазыла салмайтындықтан, жаңа мақала басталғаннан таңдаулы немесе жақсы мақала атануға дейін біраз уақыт және еңбек қажет.

Жаңа мақала жазуды бастаған кезде ең ыңғайлысы - негізгі ұғымдар мен терминдерге түсіндірме беруден бастау. Сонымен қатар мақаланың маңыздылығын айқындап беру қажет. Біраз уақытта мүдделес редакторлардың бас қосуы негізінде немесе мақаланың төл редакторы оны дамыта түседі.

Уикипедиядағы кейбір редакторлар тек қана мақалаға бастама дайындаумен ғана шұғылданады. Бұл да энциклопедияның дамуына қажетті жұмыс.