Христиандық

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(Христиан Діні бетінен бағытталды)
Навигацияға өту Іздеуге өту
Православиелік монахтар
Айя София мешітіндегі Құтқарушымыз Иса пантократтың мозаикасы, Константинополь, XII ғ.

Христиан діні (гр. Χριστός, Khristos, cөзбе-сөз аудармасы мәсіхтелгендер) Ибраһимдік дін (грекше Χριστός (Khristós) ағылшын тілінде 'anointed' — орыс тілі 'помазанный' — қазақша 'басты уқалау, сулау немесе басқа мәсіһ шалу') — Христостың өмірі мен Жаңа Өсиет іліміне негізделген монотеистік дін[1].

Әлем бойынша ең көп таралған дін. Шамамен 2.2. млрд христиан.[2][3][4][5][6][7] Христиандардың басым бөлігі Исаның Құдайдың ұлы және Көне өсиетте айтылған адамзатты құтқарушы екеніне сенеді. Сондықтан христиандар Исаны Христос немесе Мессия көреді.

Христиан теологиясы Христиандықты ұстанушылар мойындаған экумендік сенімдерді негізге алады.

«Әулиелер»
Троица, Андрей Рублёвтың иконасы

Сенімдері

Христиандық пен Інжілді түсіндіруде ортақ бір пікірлер жоқ. Бірақ бүкіл христиандар діннің негізі болатын, келісілген ортақ ұстанымдар бар екенін айтады. Аса көп таралған тармақтары — католицизм, православтық және протестантизм.

Тарихы

Христиан діні әдебиеті негізгі төрт жанрдан тұрады:

  1. Інжілдер (Матфей, Марк, Лука, Иоанн);
  2. апостолдардың арнаулы хаттары;
  3. Христос шәкірттерінің істері туралы жазбалар;
  4. ақыр заман туралы өсиет.

Б. з-дың бас кезінде Рим империясының басқа бөліктеріндегідей Палестинада да әлеуметтік, қоғамдық қайшылықтар шиеленісіп тұрды. Сонымен қатар 1 ғасыр империяның жаңа саяси формасы қалыптасуының кезеңі болды. Антикалық тәртіптің дағдарысы, жаңа саяси шындықтың қалыптаса бастауы адамдардың өмірінде қиындық туғызып, қиыншылық пен зұлымдықтан құтылудың жолын іздеуге итермеледі. Сиқырға, Митраға, Исида, Осириске, т.б. сенім күшейді. Осы кезде дүниеге келген Христиан діні жан біткеннің барлығының Құдай алдындағы тең екендігін айтып, адамдардың көкейінде әділетсіздік пен қанаушылықтан құтылудың үмітін оятты. Құдай алдында барлық адамдар тең деген идея жергілікті билеушілер тарапынан үлкен қарсылыққа тап болып, Христиан дінін қабылдаушылар жаппай қудаланды. Олар жергілікті билік өкілдерінен қашып жүруге мәжбүр болды. Жер асты шіркеулері салынды. Дегенмен, көп ұзамай Христиан дінін уағыздаушылар көбейіп, оның қатарына тұрғындардың көп бөлігі, соның ішінде билік иелері де тартыла бастады. Христиан діні догматикасы 4—6 ғасырларда қалыптасты. Оның қалыптасуында каппадокиялық діни ғұламалар Григорий Назианзин (330—390), Григорий Нисский (335—394), Василий Кессарийский (330—397) маңызды рөл атқарды. Христиан догматтары үлкен тартыс-таластар арқылы жүйеленді. Бірақ діни таластар догматтардың канондығын анықтағасын да тоқталмады. Ақырында бұл таластар христиан шіркеуінің әр түрлі ағымдарға бөлінуіне алып келді. 5 ғасырдың ортасында ортодоксалдық Христиан дінімен келіспейтін Армян, Копт, Малабар, Эфиоп, Иаковит, Абиссин шіркеулері жіктелді. Орта ғасырлардан бастап Рим шіркеуі христиандарды өзіне бағындыруға тырысты. Бұған шығыстағы Византия қарсы болды. Нәтижесінде 9—11 ғасырларда Христиан діні «Батыс шіркеуі» (католиктер) және «Шығыс шіркеуі» (православтар) болып екіге бөлінді. 16-ғасырда католик шіркеуінен протестант шіркеуі бөлініп шықты. Сөйтіп, даму барысында Христиан діні негізгі үш тармаққа (православие, католик, протестантизм) бөлінді және олардың әрқайсысының өз ішінде әр түрлі ағымдар мен бағыттар пайда болды. Бұдан басқа несториандық, монофизиттік сияқты шағын тармақтар да кездеседі. Бұл ағымдар догматтардың әр түрлі түсіндіріліп, киелі кітапқа, діни ғұрыптарға әр алуан көзқарастары негізінде қалыптасқан.[8]

Христиандық — атауын өзінің шәкірттерімен бірге діннің негізін қалаган Иисус Христос есімінен алады. Христиандық дін ілімі Қасиетті Жазу — Көне және Жаңа Өсиеттерге негізделген. Христиандық б.з.д. I ғ. Рим империясының қүрамында шиеленіскен экономикалық, саяси, қоғамдық-психологиялық, әлеуметтік және этникалық теңсіздік жағдайында, езгіде болған Палестинада пайда болды. Мұнымен радикалды-антиримдік көңіл-күйлер және империялық құдіреттілікке қарсы наразылықтар байланысты. ӀӀ-ӀӀӀ ғғ. христиандық қауымдастықтарда сенаторлық және әскери салт аттылар атағы пайда бола бастады. Қауымдастықта ақсүйек және білімді адамдардың болуы радикализмді жойып, римдік билікпен бітісуге әкелді. Бүл үрдістің дамуына орай рим билеушілері христиандарды қуғын-сүргінге үшыратудан енді бүл дінге қолдау көрсетуге көшті, тіпті IV ғ. христиандықты Рим империясының мемлекеттік дініне айналдыруға дейін барды. Идеялық, ғибадат, институңионалды түрғьща христиандық жоқ жерден пайда болған жоқ. Рим политеизмі, египеттік Осирис және Исида ғибадаты, иран митраизмі, грекгік Кибена және Аттис ғибадаты және т.б., христиандар ой елегінен өткізбеуі мүмкін емес діни-мәдени орта қалыптастырды. Алайда, христиандықтың қалыптасуында иудаизм, өзінің монотеизм, мессиандық, эсхатология және т.б. идеяларымен ерекше рөл атқарды. Ол иудеохристиандық секта ретінде пайда болды. Мүның бәрі христиандық осыған дейін бар діни-мәдени мәліметтерді тек пайдаланып қойды деген сөз емес, ол керісінше, жаңа діни кешен қалыптастырды.

Демография

Христиандықтың әлемде таралуы

Дереккөздер

  1. Christianity's status as monotheistic is affirmed in, amongst other sources, the Catholic Encyclopedia (article «Monotheism»); William F. Albright, From the Stone Age to Christianity; H. Richard Niebuhr; About.com, Monotheistic Religion resources Мұрағатталған 21 мамырдың 2006 жылы.; Kirsch, God Against the Gods; Woodhead, An Introduction to Christianity; The Columbia Electronic Encyclopedia Monotheism; The New Dictionary of Cultural Literacy, monotheism; New Dictionary of Theology, Paul Мұрағатталған 4 шілденің 2018 жылы., pp. 496–99; Meconi. «Pagan Monotheism in Late Antiquity». p. 111f.
  2. Hinnells, The Routledge Companion to the Study of Religion, p. 441.
  3. Zoll, Rachel. Study: Christian population shifts from Europe (желтоқсан 19, 2011). Тексерілді 25 ақпанның 2012.
  4. 33.2% of 6.7 billion world population (under the section 'People') World. CIA world facts.
  5. The List: The World's Fastest-Growing Religions. foreignpolicy.com (наурыз 2007). Тексерілді, 4 қаңтар 2010.
  6. Major Religions Ranked by Size. Adherents.com. Тексерілді, 5 мамыр 2009.
  7. ANALYSIS желтоқсан 19, 2011 Global Christianity. Pewforum.org (19 желтоқсан 2011). Тексерілді, 17 тамыз 2012.
  8. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том