Мазмұнға өту

Чон Юнхо

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Чон Юнхо
Jung Yunho / 정윤호
Туған күні

Lua error Module:Wikidata ішіндегі 39 жолында: attempt to concatenate field '?' (a nil value).

Мемлекет

Корея

Жанрлары

K-pop, J-pop, А капелла

Лақап аттары

U-know

Ұжымдары

DBSK

Лейблдері

SM Entertainment (Корея)
Avex Asia (Азия)
Rhythm Zone (Жапония)
GMM Grammy (Тайланд)

tvxq.com


Юнхоның туып-өскен жері — Кванджу (Оңтүстік Корея). Чихе (Ji-hye) есімді қарындасы бар. Өзі болса 7-ші сыныптан бастап билей бастады. Оқып жүрген мектебінде ол бишілер тобын құрып, түрлі би жарыстарына бірге қатысып жүрді. Отбасындағы бизнестерінде ілгерілеу болмағандықтан, қарындасы білім алу үшін Юнхоға үйінен кетіп, жұмыс істеуге тура келді. Сол кездері ол небәрі 9-шы сыныпта оқитын, үйіне қайтатын ақшасы болмай қысылған жігіт тіпті кей кездері вокзал көпірінің астында түнеп жүрген кездері де болған. Кейде астына мұздың бетіне жабатын жамылғы сатып алу үшін шөлмек өткізіп, ақша табатын. 13 жасында ол би жарысында жеңіске жетіп, SM Entertainment-ке тап болады.

Бұл бастамадан бұрын Юнхо, әнші қыз Дананың «Diamond» бейнеклипіне рэпер және бэк-биші ретінде қатысады. Оның айтуынша, U-Know есімін (ағыл. «You know» — «Сен білесің») таңдаған себебі, топтың көшбасшысы ретінде топтың әр мүшесін «Сені білемін» дейтіндей деңгейде танығысы келді.

Юнхо — DBSK тобының көшбасшысы. Би жарсында жеңіске жетіп, Юнхо бұл топтан өз орнын ойып алды. Ол бұл топқа екінші мүшесі ретінде тіркелді.

Әншілік мансап

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

The 2nd Asia Tour Concert 'O' ұйымдастырылған концертінде өзі шығарған «Spokesman» әнін орындап шықты. «Super Junior» тобының үшінші «Sorry, Sorry» атты әндер жинағына арнап Юнхо мен Микки Ючхон рэп оқып шықты.[1] 2010 жылдың ақпанында Юнхо, аты аңызға айналған Майкл Джексонның «This Is It» атты еске алу концертінде корейлердің арасынан сахнаға шықты. Ол Лос-Анджелесте және Лас-Вегаста Genevieve Cleary, Morris Pleasure және тағы басқа Джексонмен білек сыбана жұмыс жасаған адамдармен жаттықты. Бұл Корея мен АҚШ-тың бірігіп шығарған алғашқы жобасы еді.

2010 жылдың тамыз айында басталған SM Town World Tour -ға Юнхо мен Макс Чханмин қатысты. Бұл дуэт «Maximum» мен «Why» атты жаңа әндерін Юнхоның орындауында сахнаға алып шықты.

Актерлік мансап

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Юнхо Banjun Theater және Vacatio телешоуларынан топтың қалған төрт мүшесімен көрінді. 2006 жылы Юнхо қонақ ретінде Rainbow Romance-қа шақырылды. 2009 жылдың шілде айында «Дөп түсу» (хангыль: 맨땅에 헤딩) MBC арнасы үшін), атты драмасында басты рөлді сомдап шығады. 2010 жылдың қыркүйек айында Korea Tourism Promotional Movie «Хару. Кореядағы ұмытылмас күн» — ге жұлдыз ретінде шақырылды. 2010 жылдың қарашасында Юнхо екінші қатардағы актер ретінде «Посейдон» драмасының түсірілімдеріне қатысты. Сонымен қатар, Юнхо Кореядағы EXPO 2010 Shanghai China — да көрсетілген «Chorus City» фильміне түсті.

Жеке дискография

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • «Сheckmate» (2009 жылы Миротик-туре-те жеке ән айтуы)
  • «Spokesman»
  • «Crazy Life» (бес синглден құралған «TRICK» сингліне енген әндердің бірі)
  • «Diamond» (Дананың әніне арналған рэп)

Фильмография

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Жыл ТВ Атауы Рөлі
2005–2006 SBS Banjun Theater Юнхо
2006 Vacation Юнхо
MBC Rainbow Romance Юнхо
(62, 64 серия)
2008 SBS Family Outing Қонақ
(17, 18 серия)
2009 MBC Heading To The Ground Ча Бонг Гун
2010 Haru: An Unforgettable Day in Korea атсыз рөл
2011 KBS2 Poseidon Кан Ын Чуль
(камео, 4 серия)
SBS Running Man Қонаө
27 серия
SBS Welcome to the Show Юнхо
(камео)
jTBC I Live in Cheongdam-dong Юнхо
(1 серия)
  • 1st Annual SM Best Competition — Best Dancing 1st Place
  • Жанашырларынан сыйлық қабылдамайды, алған күнде де бағалы емес заттарды алады, оларды қуантып қою үшін 1-2 күн үстіне киіп жүреді
  • Юнхо мен Макстың мәдени тілдесу мәнері басқаларына қарағанда корей тілінде таза болғандықтан, топ атынан келісімдер жасауға жібереді
  • Таэквондоны жақсы меңгерген, хапкидодан халықаралық чемпионатта 3-ші орынды иеленген
  • DBSK тобына келген бойда ол барлық тістерін 10 жыл сайын ауыстырып отыратын имплантаттарға ауыстырды
  • SM Entertainment-тің ең үздік бишісі ретінде танымал
  • Балалық арманы — адвокат болу
  • Жоғары оқу орнын тәмамдаған
  • Джэджун жайлы жаман сөз ешкімге айтқызбайды, топ арасында «әкелеріндей» болуға тырысады
  • Жауынды күндері шағын әңгімелер жазуды ұнатады
  • Балаларды жаны сүйеді

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. (Korean) «Hans Raj Hans — U-Know Yunho, voluble nuclear confrontation with the concept 'flame'». мамыр 13, 2004. Retrieved наурыз 8, 2009.