Шайқурай
Шайқурай | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||
490 түрі белгілі |
Шайқурай (лат. Hypericum) – шайқурай тұқымдасына жататын бір және көп жылдық өсімдіктер. Дүние жүзінде қоңыржай, субтропиктік және тропиктік аймақтарда өсетін 300 — 400-дей түрі кездеседі. Қазақстанда шабындықта, қыратты жерлерде, өзен-көл жағалауларында, қиыршық тасты тау баурайында және орман шетінде өсетін 7 түрі бар. Көбінесе сарыбас Шайқурай (Н. perforatum) мен бұдырлы Шайқурай (Н. scabrum) жиі кездеседі. Бұлардың биіктігі 30 — 70 (кейде 100 — 120) см. Сабағы түзу, жапырақтары майда, онда нүкте тәрізді көптеген тесіктері болады, олар шоқталып немесе қарама-қарсы орналасады. Гүлдері майда, қос жынысты, сары түсті, жеке-жеке не шатыршаға ұқсап топтанған. Жәндіктер арқылы тозаңданады. Маусым — шілде айларында гүлдеп, тамызда жеміс салады. Жемісі — көп дәнді қорапшауыл шаруашылығы — дәрілік өсімдік, оның құрамында илік заттар, эфир майы, церилді спирт, каротин, С витамині, никотин қышқылы және гиперицин бояғыш заты бар. Дәрілік мақсатқа өсімдіктің жер үстіндегі бөлігін пайдаланады. Шайқурайды тыныс органдары ауруларына, бауырға тас байланғанда, іш өткенде, қуықтың қызметі бұзылғанда, әйелдердің жыныс аурулары кезінде, кейбір қа-быну процестерінде, іріңді ісіктерге, жараға, шиқанға қарсы пайдаланады. Халық медицинасында Шайқурайды қан тоқтату, қарын ауруларын, қан аралас іш өтуді емдеу үшін қолданады. Соңғы кезде ғалымдар Шайқурайдан алынған препараттардың кейбір аурулардың вирустарына (мысалы, тұмау, жүре пайда болатын иммундық тапшылық синдромы) қарсы жақсы әсер ететінін анықтады. Шайқурайдан шай қайнатып ішеді, ол жүйкені тыныштандырады және кейбір түрлерін бальзам алуға пайдаланады. [1]
Галерея
[өңдеу | қайнарын өңдеу]-
Hypericum calycinum
-
Hypericum coris
-
Hypericum elegans
-
Hypericum erectum
-
Hypericum hircinum
-
Hypericum humifusum
-
Hypericum kalmianum
-
Hypericum pulchrum
-
Hypericum quadrangulum
-
Hypericum olympicum
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |