Шортан тәрізділер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Шортан тәрізділер

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Тұқымдасы: Шортантәрізділер

Шортантәрізділер. Жақтарында өткір тістері бар жыртқыш балықтардың тобына жатады. Жүзу торсылдағы ішегімен байланысып жатады. Бірақ та Веберов аппараты жоқ және иық белдеуінде жауырын бөлімдері болмайды. Біздің өзендерімізде, көлдерімізде және оңтүстік теңіздердің тұщырақ жерлерінде кәдімгі шортан (Еsох Іисіиs) мекен етеді. Олар мекен еткен орнын ауыстырмай тіршілік етеді. Әдетте су өсімдіктерінің арасында болады. Балықтармен,құс балапандарымен, бақалармен қоректенеді. Балық өсіру шаруашылығына өте зиянды. Кәсіптік маңызы жоқ. Ірілерінің денесінің ұзындығы 1,5 м салмағы 35 кг болады. Уылдырығын көктемде тайыз, су жағалауларына шашады.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Омыртқалылар зоологиясы» С. П. Наумов- Алматы «Мектеп» баспасы