Шотланд (кельттік) тілі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(Шотланд тілі (кельттік) бетінен бағытталды)
Навигацияға өту Іздеуге өту
Шотланд тілі
Өз атауы:

Gàidhlig (na h-Alba)

Айтылуы:

[ˈkɑːlʲəkʲ nə ˈhaɫapə]

Елдер:

 Ұлыбритания,  Канада,  АҚШ,  Аустралия,  Жаңа Зеландия

Ресми күйі:

 Шотландия, Кейп-Бретон, Гленгарри округы (Онтарио)

Реттейтін мекеме:

Bòrd na Gàidhlig (Cànan na h-Alba)

Сөйлеушілер саны:

92 400 адам

Күйі:

ойдағыдай емес

Классификация
Санаты:

Еуразия тілдері

Үнді-Еуропа

Кельт тармағы
Гойдел тобы
Жазуы:

латынша

Тіл коды
МЕСТ 7.75–97:

гэл 170

ISO 639-1:

gd

ISO 639-2:

gla

ISO 639-3:

gla

Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика
Шотландияда кельтше сөйлейтіндер

Шотландтық, гэльттік немесе (ескіше) гаэлттік тіл (өзіндік аты. Gàidhlig; ағыл. Gaelic, немесе Scottish Gaelic) — кельттік тілдердің гойделдік тармақтарының бірі, осы тілдің тасушылары кельттік халық (гэлдер) дәстүр бойынша Шотландияның таулы аймақтарында және Гебрид аралдарында өмір сүрді. Шотландияда тасушылардың саны 58 652 адам (2001 ж. санақ) және 500—1000 Канадада (провинция Жаңа Шотландия, көбінесе Кейп-Бретон аралында). АҚШ-та, Аустралияда, Жаңа Зеландияда, Оңтүстік Африка Республикасында тілдің тасушылардың кішігірім тобы бар. Әлемде сөйлейтіндердің жалпы саны әрең дегенде алпыс мыңнан асады.

Неміс тілдер тобындағы тіл - ағылшын тіліне жақын және Шотландия даласында таралған скотс тілімен шатастыруға болмайды.

Қазіргі замандағы Шотландия жеріндегі ең алғашқы тілдің тасушылары Шотландияның оңтүстігін, жазықты жерлерді мекен еткен, сондай-ақ Эдинбургтің негізін қалаған - бриттер. Дәл осы қазіргі Шотландия аумағында бриттік тілдеріндегі ең көне поэзиялық ескерткіштердің бірі «Гододин» поэмасы (авторы Анейрин) құрылды. Бриттік тұрғындар VI ғасырға дейін сақталушы еді, алайда оңтүстіктен (ағылшынсакстардан) келген қысымнан ығысты және батыстан, яғни, Ирландиядан келген келімсектер, ең бастысы аралдың солтүстігінен Олстердегі Дал Риада королдігінен. Ирландықтардың Британияға қоныстануы IV ғасырда басталды, бірақ егер Уэльстегі қонысы сақталмаса, онда Шотландия мен Мэн аралдарында олар негізгі тұрғындары болды. Шотландияның оңтүстік-батыс жағалауындағы Айона аралы ирландық монахтардың өмір сүретін орталығы болды. Онда орналасқан монастырдің аты киелі Колумба немесе Колума Киллемен байланысты.

Шотландиядағы лингвоэтникалық жағдай, XII ғасырдың басы

Шамамен, XV ғасырдың ортасына дейін Таулы Шотландия мен Ирландияның ортақ әдеби дәстүрі болды және шотландық тіл сол уақыттан бастап бөлек деп санауға болады. Шотландық тілден, шамамен, XVII ғасыры мэндік тіл бөлініп шықты.

Шотландық тіл әлі де ирландық тілдің солтүстік диалектісіне жақын, ал оңтүстік шотландық диалект шын мәнінде олармен диалекті континуумды құрайды. Ратлин аралының диалекті шотландық немесе ирландық деп атауға болмайды. Кейбір белгілер шотландық пен ольтерлік (солтүстік) ирландық орта (коннахттік) мен оңтүстіктік (мунстерлік) диалекттеріне қарама-қарсы: шотландық пен ольтерлік тілде болымсыздық шылау cha болса, коннахттік пен мунстерлік тілде болымсыздық шылау - .

Шотландияның жазығында ағылшын тілінің таралуы мен викингтердің шапқыншылығы шотландық тілдің дәрежесін әлсіретті: ол тағыда скандинав пен ағылшын тілдерінің әсеріне түсті. Көптеген лексикалық кірме сөздермен қатар, шотланд тілі бұл тілдермен жақындастыратын басқа келбет иемденді.

Шотландық және басқа да кельттік тілдер сияқты, ұзақ уақыт ресми мәртебеге ие бола алған жоқ, тіпті, қуғындалды. (1872 жылғы білім туралы акт шотландық тілде оқытуға және сөйлеуге тиым салынды). Алайда, XX ғасырдың соңында жағдай өзгерді, Шотландия парламентінің қалыптасуымен ол Шотландияның ресми тілі деп жарияланды. 2005 жылы шотландық тілде оқытылатын алғаш орта мектеп ашылды. Дегенмен, 2001 жылғы мен 1991 жылғы халық санағын салыстырғанда, бұл тілде сөйлейтіндердің саны 11 пайызға төмендегенін көрсетті, бұл деген шотланд тілінің жойылу қауіпін көрсетеді. Алайда, осы тілде теледидар және радио бағдарламалар көрсетіледі, газеттер мен кітаптар жарияланады, қоғамдық өмірде кеңінен қолданылатын қозғалыстар ұйымдастырылған. Әлі де шотланд тілінің ең мықты бекінген жері Гебрид аралдары, негізінен қарттар арасында.

XVII ғасырдан бастап шотландықтардың көбісі Гудзон шығанағы компаниясына жұмыс істеу үшін Канадаға ауып кетті: бір уақыттарда шотландық тіл Канадада сөйлеушілердің арасында француз бен ағылшын тілдерден кейін үшінші орында болды. Қазір Канадада осы тілде сөйлейтіндер мыңға жуық, негізінен көбісі қарт адамдар.

Әліпбиі мен орфографиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазіргі шотланд тілі латын әліпбиін қолданады. Әліпбиде 18 әріп:

J, k, q, v, w, x, y, z әріптері кірме сөздерде қолданыла алады. Fada деп аталатын дауыстылар гравис белгісімен белгіленеді: bòidheach «әдемі» (fada - акута белгісі, бұл ирланд орфографиясынан ерекшелендіреді). Шотландық орфография, ирландық орфография сияқты h диграфы маңызды рөл атқарады: мысалы, bh [v], fh.

Шотландық орфография ирландық орфографияға ұқсас, атап айтқанда caol ri caol is leathan ri leathan «жіңішке жіңішкемен, жуан жуанмен» қағидасы орындалады, сәйкесінше, «жіңішке» дауыссыздар (яғни, орыс тіліміне сәйкес келетіндей жіңішкерген) жазуда екі жақтан «жіңішке» дауыстылармен қоршалуы керек, яғни, e, i, è, ì, «жуан» дауыссыздар тиісінше «жуан» дауыстылармен қоршалған болуы керек. Бұл орфографиядағы дауыссыздардың көбісі ешбір дыбыстарға сәйкес келмейді,тек көрші дауыссыздың жіңішкелігін немесе жуандығын көрсетуіне әкелді.

Шотландық орфографияны ирландықпен салыстырғанда дәстүрлі жазулар көп, мысалы, шотл. oidhche, ирл. oiche «түн», шотл. зат есімдердің суффиксі -chd, ирл. -cht ұқсас (ирл. beannacht, шотл. beannachd «бата (благословение)», жазылуы сол, бірақ [xk] деп айтылады.

Фонетика және фонология

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шотландық тілдің фонетикалық жүйесі негізінен ирландық тілдің диалектілер жүйесіне соның ішінде ольтерлікке ұқсас. Сонымен қатар, шотландық диалект ирландықтан бірінші кезекте жабысыңқы және вокализм жүйесінен ерекшеліндіретін бірқатар өзіндік келбеті бар.