Мазмұнға өту

Элеонора Рузвельт

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Анна Элеонора Рузвельт
Anna Eleanor Roosevelt
Элеонора Рузвельт
Лауазымы
Ту
Ту
АҚШ-тың Бірінші Ханымы
4 наурыз 1933 жыл — 12 сәуір 1945 жыл
Ізашары Лу Гувер
Ізбасары Бесс Трумэн
Өмірбаяны
Дүниеге келуі 11 қазан 1884 (1884-10-11)
Нью-Йорк, Нью-Йорк, АҚШ
Қайтыс болуы 7 қараша 1962 (1962-11-07) (78 жас)
Нью-Йорк, Нью-Йорк, АҚШ
Әкесі Эллиот Рузвельт
Анасы Анна Холл Рузвельт
Жұбайы Франклин Делано Рузвельт
Балалары Анна Рузвельт Холстед, Франклин Рузвельт, Джеймс Рузвельт, Эллиотт Рузвельт, Франклин Делано Рузвельт-кіші, Джон Аспинуолл Рузвельт
Қолтаңбасы Қолтаңбасы

Анна Элеоно́ра (Эленор) Рузвельт (ағылш. Anna Eleanor Roosevelt, МФА [ˈænə ˈɛlənɔr ˈroʊzəˌvɛlt]; 11 қазан 1884, Нью-Йорк7 қараша 1962, Нью-Йорк) — америкалық мемлекеттік қайраткер, Америка Құрама Штаттарының президенті Франклин Делано Рузвельттің әйелі және 1933-1945 жылдары аралығында АҚШ-тың Бірінші ханымы. Сондай-ақ ол президент Теодор Рузвельтке жиен болып келеді.

Балалық шағы және жас кезі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Элеонора Рузвельт 1908 жылы

Анна Элеонора Рузвельт Нью-Йорктегі отыз жетінші көшедегі елу алтыншы үйде дүниеге келді. Оның ата-анасы Эллиот Рузвельт және Анна Холл Рузвельт болды. АҚШ-тың президенті Теодор Рузвельт оған аға болып келеді. Бірнеше жылдан кейін Элеонораның кіші інілері – Эллиот-кіші (1889-1893) және Холл Рузвельт (1891-1941) дүниеге келді. Оның одан басқа әкесі жағынан қандас ағасы, Эллиот Рузвельт Манн (1941 жылы қайтыс болды). Эллиоттың анасы отбасының қызметшісі Кэти Манн болды.

«Анна» атауын ол анасы мен тәтесінің құрметіне, ал «Элеонора» - әкесінің құрметіне алды. Бұл ат оның лақап атына айналды. Жастайынан ол оны Элеонора деп атағанын қалады.

Рузвельт балалық шағынан бастап байлық пен айырықша құқықпен бірге өсті, себебі оның ата-анасы Нью-Йорктың жоғары қауымының мүшелері болды. Кішкентай кезінде ол ескі сәнді жақсы көргендіктен, анасы оны «әже» деп атады. Элеонора сегіз жаста болған кезде, оның анасы дифтериядан қайтыс болады. Оның әкесі ішімдікке құмар болғандықтан екі жылдан кейін дүниеден озады. Оның інісі Эллиот Рузвельт-кіші дифтериядан қайтыс болды. Ата-анасының қазасынан кейін оны анасы жағынан әжесі, Мэри Лудлов Холл (1843-1919) тәрбиеледі. Ол Нью-Йорк штатының ауылында тұрды. 

Элеонора Рузвельт 1898 жылы

1905 жылы Франклин Делани Рузвельтке тұрмысқа шығады. Рузвельт жұбайларында алты бала дүниеге келді, біреуі балалық шағында қайтыс болды.

Қоғамдық қызмет

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Көсемсөзші, жазушы, саясаткер және құқық қорғаушы ретінде танымал болды. Күйеуінің саясат мансаында үлкен рөл атқарды. Әсіресе 1921 жылдан кейін күйеуі полимиелитпен ауырып, мүгедек арбадан  мүлдем тұра алмаған кезде белсенділік танытты. Бірінші ханымның рөлін қолданып, ол Рузвельттің реформаларын елге танытты. 1936 жылы ол «Менің күнім» атты мақала жариялады. Бұл арқылы Бірінші ханым елдің назарын әлеуметтік мәселелерге аудартты. Сол жылы ол Америкалық журналистер гильдиясының мүшесі атанды. 1939 жылы Элеонора күйеуін танымалдылық бойынша озып шықты. 67% америкалық адамдар оның жұмысын «жақсы» деп бағалады, ал Франклин Рузвельттің жұмысын тек 57% ғана бағалады.  

1941 жылы Элеонора Рузвельт қорғау министірінің орынбасары болып тағайындалды. Сол себепті Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде ол Ұлыбританиядағы, Тынық мұхиттағы, Аустралия мен Жаңа Зеландиядағы америкалық базаларға сапар жасайтын.

АҚШ-та Элеонора Рузвельт азаматтық құқық үшін қозғалысты белсенді қолдады, феминисттер қатарына мүше болды. Ол Демократиялық партияда ең беделді адамдардың бірі болып есептелінді. 1952 және 1956 жылдары либералды демократ – Эдлай Стивенсонды қолдады.

Өмірінің соңына дейін саясатпен айналысып, Рузвельт Кеннедидің әкімшілігі кезінде әйел мәртебесі бойынша президенттік комитеттің төрағасы болды. Бұл ұйымның жұмысы феминизмнің екінші толқынына әкелді. 

Өмірінің соңы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1962 жылы 7 қарашада жетпіс сегіз жасында Элеонора Рузвельт қайтыс болды, ол күйеуінің қасында көмілген. 

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]