Қажымұқан Мұңайтпасов (стадион, Астана)
Орналасуы | 51°09′45″ с. е. 71°24′47″ ш. б. / 51.16250° с. е. 71.41306° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 51°09′45″ с. е. 71°24′47″ ш. б. / 51.16250° с. е. 71.41306° ш. б. (G) (O) (Я) |
Салынған | 1936 жыл |
Ашылған | 1963 жыл |
Қайта өңдеуден өткені | 1998 жыл |
Сыйымдылығы | 12 250 |
Торбеті | |
Иесі | |
Командасы | Астана-1964 |
Габарит | 105x68 |
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1936 жылы бұл стадионның маңында жартылай қираған бекініс орнын 14-ші Кавалериялық полк әскери бөлімшесі тазалап, дене шынықтыру, әскери-техникалық дайындықтарын және футбол жаттығуларын жүргізе бастады.
1938 жылы алдымен «СТРЕЛА» спорттық қоғамы құрылды, көп кешікпей ол «ЛОКОМОТИВ» деп атын өзгертіп, темір жол торабы жұмысшыларын біріктірді. Теміржолшылар көп уақыт әлеуметтік-мәдени саланы дамытуға жауапты болған. Стадионның аумағы 10 мың шаршы метрге дейін ағаш шарбақпен қоршалып, 2 мың орындықпен жабдықталған ағаштан батыс мінбе құрастырылып және футбол алаңы айналасында жүгіруге арналған жолдар пайда болған.
1951 – 1962 ж.ж. аралығында қалалық стадионның көптеген атаулары болды, нақтырақ айтқанда: «ИСКРА», «БУРЕВЕСТНИК», «ЕҢБЕК», «ТОРПЕДО». Өйткені стадион әр-түрлі спорттық кәсіподақ қарамағында болды, кейін «Казахсельмаш» зауыты балансына өтті. Сол жылдары стадионда хоккей ойнайтын корт, киім ауыстыратын орындар және шығыс мінбесі пайда болды (ағаш).
Стадионда өткізілген алғашқы ресми ойын 1964 жылы 14 мамырда КСРО чемпионаты «Б» классының ойыны болды, стадионға өз командасына қолдау көрсету үшін 10 мыңнан астам жанкүйер келді. Бұл күні «Динамо» (Целиноград) – «Локомотив» (Орынбор) командалары кездесіп, 2:0 есебімен біздің жерлестеріміз жеңіске жетті.
1975 жылы стадион футбол клубымен бірге «Целинэнерго» балансына өтті. Энергетиктер стадион атауын «Энергия» деп, ал футбол командасын «Целинник» деп өзгертті. Шығыс мінбесінің үстіне металдан жасалған күнқағар орнатылды және жеңіл атлетика спортшылары үшін арнайы синтетикалық төсеніштен жүгіруге арналған жолдар салынды. Жарық көзері жаңартылған, электронды көрсеткіш тақтасы орнатылды.
1986 жылы Облыстық атқару комитетінің сұрауы бойынша, Республиканың Советтік министрлігі стадионға атақты спортшы, грек-рим палуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың атын берді.
1998 жылы 7 ай ішінде стадионда халықаралық деңгейдегі жарыстар өткізуге қажетті барлық жағдай жасалды. Жаңа оңтүстік мінбесі салынып, оның үстіне электрондық көрсеткіш тақтасы орнатылды. Барлық үш мінбеге жаңа дербес орындықтар орнатылды, көрермен сыйымдылығы 12 500 адамға дейін жеткізілді.
1998 жылғы маусымның 10 күні стадионда Қазақстан Республикасы астанасының ашылу салтанаты болды.
2000 жылы стадионда алғашқы рет футболдан Қазақстан Кубогының финалы өтті. Ол жылы Алматылық Қайрат пен Петропавлдық Аксесс-Голден-Грейн кездесіп, 5:0 есебімен Қайрат жеңіске жетті.
2001 жылы стадионда қайтадан футболдан Қазақстан Кубогының финалы болды. Бұл жолы жергілікті Жеңіс командасы мен павлодарлық Ертіс ойнады, нәтижесінде пенальти арқылы Жеңіс 5:4 есебімен ұтты.
Стадионның базасында «Достық» Спорткомбинаты» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны(қолжетпейтін сілтеме) құрылды.
Жыл сайын стадионда көптеген спорттық іс-шаралар, Президенттік көпсайыстар тапсыру, Астана күні мейрамын мерекелеу және УЕФА халықаралық футбол ойындары өткізіледі. Жазғы маусымда қала тұрғындары стадионға еркін кіріп, дене шынықтырумен шұғылдана алады. Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион өзінің 60 жылдық тарихымен, Қазақстан астанасының халықаралық стадионы мәртебесіне ие болды.
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Достық» Спорткомбинаты» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны(қолжетпейтін сілтеме)
Қысқаша мәлімет
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қ.Мұңайтпасов атындағы стадион (Астана қаласы). Қайта жаңартылған қалалық стадион. 15 мың орындық. Қызмет бөлмелері, спортзалдары, ойын алаңдары, телерадиохабарларын тарату орталығы т.б. бар. Мұнда 2001 жылы ҚР халықтарының I спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі болды.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |