Қалша
Көрініс
ҚАЛША – қазақ халқының құрамындағы ру.
Шежіре бойынша Ұлы жүздегі сарыүйсін тайпасына кіреді. Қалшадан Қайқы, Сопы ұрпақтары тарайды.
Көптеген авторлар (М.Тынышбаев, С.Аманжолов, В.Востров, т.б.) сарыүйсіннің құрамы туралы айтқанда, оның екі ұлы Қалша мен Жақып есімімен шектеледі.
Олардың қыстауы 19 ғ-да Күрті өз-нен басталып, Іленің оң жағалауына дейін созылып жатқан Тауқұм, Бұйратқұм, Ұялыкесік, Желек, Ақкесік, Жусан, Жолбарысты-Раңды, Ақтоғай, Қарашеңгел, Көкжиде, Шоқсуат өңіріне орналасқан.
Ұраны – Байтоқ, таңбасы – астында айқышы бар төртбұрыш немесе абақ-ашамай .[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|