Мазмұнға өту

Қарама-қарсы жапырақты ербасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қарама-қарсы жапырақты ербасы

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Asterids
Сабы: Gentianales
Тұқымдасы: Gentianaceae
Тегі: Gentiana
Түрі: G. cruciata
Екі-есімді атауы
Gentiana cruciata
L.
Синонимдері
  • Tretorhiza cruciata (L.) Delarbre [1]

Қарама-қарсы жапырақты ербасы (лат. Gentiana cruciata) – көкгүлдер тұқымдасы, көкгүл туысына жататын көп жылдық , шөп тектес өсімдік.

Ботаникалық сипаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Биіктігі 60 см-ге жуық.
  • Тамыры қысқа әрі жуан, қоңыр түсті.
  • Сабақтары біреу немесе бірнешеу болады, жапырақтары көп.
  • Тамырынан тікелей өсіп шығатын эллипс тәрізді бір топ жапырақтары бар. Сабақ жапырақтары жіңішкелеу, қарама-қарсы орналасқан.
  • Гүлдері сабақтарының жоғарғы жағында, жапырақтарының қуыстарында болады. Гүл тостағаншасы түтікшеге ұқсас, 4 тісті, 4 қалақшадан тұрады. Гүл тәжісі көк түсті, қоңырау тәрізденіп келеген, 4 гүл жапырақшасы бар.
  • Жемісі көп тұқымды қауашақ, шілде-тамыз айларында гүлдейді.

Қазақстанда ербасының - өкпе ербасы (Gentiana pneumonanthe) және Оливье ербасы (Gentiana olivieri) деген түрлері де өседі.

  • Өкпе ербасының биіктігі 3 см-ге жуық.
    • Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан.
    • Гүлдері ірі, гүл тостағаншасы бес қалақшадан, гүл тәжісі 5 гүл жапырақшадан тұрады.
    • Жемісі бір ұялы қауашақ.
    • Тамыз-қыркүйек айларында гүлдейді.
  • Оливье ербасысы республикамыздың оңтүстік аудандарында кездеседі. Гүлдері көк, сәуір, мамыр айларында гүлдейді. Олар тау етектерінде, далалы аймақтарда, ылғалды жерлерде өседі.

Емдік қасиеттері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дәрі жасау үшін олардың жер үстіндегі бөлігін, тамырын және тамыр сабағын жинап алады. Құрамында - генциамин деген алкалоидтар, глюкозидтер, майлар, эфир майлары, илік заттар, каротин, С дәрумені бар. Ербасылардың үш түрінің де емдік қасиеттері бір-біріне ұқсас:

  • асқазанның жұмысын жақсартып, қышқылын көбейтіп, іш жүргізетін, өт айдайтын қасиеттері бар;
  • қанның азаюын, ревматизмді, подаграны емдейді;
  • көптен жазылмай жүрген жараларға өсімдіктің тамырын ұнтақтап себеді;
  • өкпе ербасысы мен Оливье ербасысын халық медицинасында жөтелге қарсы қолданады.

Дәріні дайындау және қолдану тәсілі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Ербасының 2 ас қасығын 200 мл араққа қосып 10 күн тұндырады да, 20-30 тамшыдан күніне 3 рет ішеді.
  • Аяқ көбірек терлейтін болса ербасының 1 бөлігін, емен қабығының 3 бөлігіне араластырып, қайнатындысына аяқты малып отыру керек.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Biolib
  2. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]