Қара қырқылдақ
Қара қырқылдақ | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Chlidonias niger (Linnaeus, 1758) | ||||||||||||||
Subspecies | ||||||||||||||
|
Қара қырқылдақ (лат. Chlidonias nigеr) — Қырқылдақтар тұқымдасына жататын шағын денелі (60-80 грамм, қанатының алымы - 62 см шамасында), құйрықүсті ашық ақ түсті қошқыл реңді құс.
Тұмсығы және аяғы қара. Оңтүстік және Орталық Еуропада, Азияның орталық бөлігіндегі және Солтүстік Америка бөлігінде мекендейді. Қазақстанда таулар мен сусыз шөлден басқа жерлердің барплығында өмір сүреді. Жағалауындағы өсімдіктер жақсы дамыған тоқтау және баяу ағатын суқоймаларда орын тебеді.
Қара қырқылдақ су бунақденелілерімен, солардың дернәсілдерімен, ұсақ шаянтәріздестермен және басқа жәндіктермен қоректенеді. Көбінесе басқа су маңындағы құстармен бірге шоғыр түзіп ұялайды. Ұяларын жүзіп жүргенаралшықтырға, сондай-ақ су жағасына салады. Салындыда көбінесе 3 жұмыртқа болады. Жұмыртқаларға ата-енелері екі аптадан астам қамқорлық жасайды, ал балапандары 20-25 күнде ұша алатын болады. Қара қырқылдақтар, ұялау орындарына кешірек - сәуірдің аяғына таман ұшып келіп, қыркүйектің басында қыстайтын орынға ұшып кетіп үлгереді.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ BirdLife International Chlidonias niger. IUCN Red List of Threatened Species. Version 2013.2. International Union for Conservation of Nature (2012). Тексерілді, 26 қараша 2013.
- ↑ Құстар (Мектеп энциклопедиясы) - Алматы 2010