Өсімдіктер анатомиясы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Ботаника бөлімі

Өсімдіктер анатомиясы


Зерттеу нысандары

Өсімдіктер · Балдыр
Саңырауқұлақтар т.с.с.

Ботаника бөлімдері

Альгология · Өсімдіктер анатомиясы · Бриология · Геоботаника · Өсімдіктер географиясы · Дендрология · Диаспорология · Карпология · Лихенология · Микогеография · Микология · Өсімдіктер морфологиясы · Палеоботаника · Палинология · Өсімдіктер систематикасы · Өсімдіктер физиологиясы · Фитопатология · Флористика · Өсімдіктер экологиясы · Этноботаника · Өсімдіктер биотехнологиясы · Өсімдіктер биохимиясы · Өсімдіктер генетикасы

Атақты ботаниктар

Теофраст
Жозеф Питтон де Турнефор
Карл Линней
Адольф Генрих Густав Энглер
Армен Леонович Тахтаджян

Тарих

Ботаника тарихы

Өсімдіктер органдары.

Өсімдіктер анатомиясы (грек. anatom – кесу, бөлу) — өсімдік органдары мен ұлпаларының ішкі құрылысы туралы ғылым; ботаника саласы.

Ғылым тарихы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Өсімдіктер анатомиясының дамуы микроскоптың пайда болуымен тығыз байланысты. 17 ғасырда итальян биологы Марчелло Мальпиги (1628 – 1694) мен ағылшын ботанигі Неемия Грюдің (1641 – 1712) микроскоппен өсімдіктердің ішкі құрылымын зерттеуінің нәтижесінде өсімдіктер анатомиясының негізі қаланды.

19 ғасырда неміс биологы Теодор Шванн (1810 – 1882) микроскоп арқылы жануарлар мен өсімдіктер жасушасының құрылымын зерттеп, жасуша теориясын ашты. 20 ғ-дың басында өсімдік ұлпасы жасушалары мен органоидтарын зерттеу негізінде өсімдіктер анатомиясынан жасуша туралы ғылым – цитология бөлініп шықты.

Өсімдіктер анатомиясын зерттеуде жаңа әдістер – электрондық микроскоп, сол сияқты гистохимиялық зерттеулер, т.б. қолданылады. Анатомиялық зерттеулер көмегімен өсімдіктердің тегі, егістік дақылдарының түрлі сорттары, өсімдіктің сыртқы орта әсеріне төзімділігі анықталады.

Қазақстанда өсімдіктер анатомиясы жөніндегі зерттеулер 1930 – 1932 жылдары КСРО ға (Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) Қазақстандық базасының Ботаника секторында (қазіргі ҚР Білім және ғылым министірлігінің ботаника және фитоинтродукция институты) басталды. Зерттеу жұмыстары, сондай-ақ Бас ботаник. бақта, ҚазҰУ-де (Қазақ Ұлттық Университеті), ҚазҰАУ-дың (Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті) арнаулы кафедралары мен ауыл шаруашылығы министірінің қармағындағы бірқатар ғылыми-зерттеу институттарында жүргізіледі. Алынған ғылыми мәліметтер биологияда, агрономияда, дендрохронологияда, фармацевтикада, тамақ және ағаш өңдеу, т.б. шаруашылықтарда пайдаланылады.

Ботаника бөліміндегі өсімдіктер анатомиясының орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Өсімдіктер анатомиясы Өсімдіктер морфологиясы кең мағынада қарастырылған (морфология тар мағынада макроскопиялық (негізінен организмдік) деңгейде өсімдіктердің құрылымы мен қалыптасуын зерттеумен айналысады.

Өсімдік анатомиясы өсімдік физиологиясымен — ботаниканың өсімдік организмдерінде болатын тіршілік процестерінің заңдылықтарын зерттейтін бөлімімен тығыз байланысты>.

Өсімдік жасушалары құрылымын зерттеу уақыт өте келе ботаниканың тәуелсіз бөліміне айналды — өсімдік цитологиясы.

Бастапқыда өсімдіктер анатомиясы өсімдіктер морфологиясы — өсімдіктердің физикалық формалары мен сыртқы құрылымын сипаттаумен сәйкес келді, бірақ ХХ ғасырдың ортасынан бастап өсімдіктер анатомиясындағы зерттеулер ең алдымен ішкі, микроскопиялық құрылымды зерттеуге байланысты жеке сала ретінде қарастырылды[1].

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Raven, P. H., R. F. Evert, & S. E. Eichhorn. Biology of Plants, 7th ed., page 9. (New York: W. H. Freeman, 2005). ISBN 0-7167-1007-2.