Google Earth

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Google Earth
Сурет:Audi TT 2014 (13558472095).jpg
Google Earth бағдарламасының Audi TT автокөлігінің мониторындағы көрінісі.
Тұрпат

Географиялық ақпараттық жүйе

Автор

Google Inc.

Жасаушы

Google Inc.

Жазылған

C++

Операциялық жүйелер

Windows, OS X, Linux, Android, iOS

Интерфейс тілдері

multiple languages, ағылшын тілі, Француз тілі және Грек тілі

Бірінші шығару

11 маусым 2001 жыл

Ақпараттық платформа

Веб шолғыш және Microsoft Windows

Соңғы нұсқа

7.3.3.7786, 7.3.4.8573, 7.3.4.8642, 7.3.6.9345 (64-bit), 7.3.6 және 7.3.6.9796 (64-bit)

Лицензия

Freeware

Сайт

earth.google.com

Көлемі
  • Windows: 12.5 MB
  • OS X: 35 MB
  • Linux: 24 MB
  • Android: 8.46 MB
  • iOS: 27 MB
 Басқа мағыналар үшін Google (айрық) деген бетті қараңыз.

Google Earth -"виртуалды глобус" немесе географиялық ақпараттық жүйе. Жер ғаламшары өте күрделі құрылым. Ғаламтор пайдаланушылары бұл бағдарлама арқасында өздерін ғарышкер ретінде сезіне алады.

Сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Google Earth – жоғары сапалы спутниктік фотосуреттердің негізіндегі жердің үшөлшемді (3 байттық) моделін ұсынады. Ол үшін бағдарлама қалыпты жұмыс істеу керек, барынша қуатты компьютер мен жоғарғы жылдамдықтағы ғаламтор керек. Бағдарлама дұрыс жұмыс істеуі үшін байланыс арнасы жақсы болу керек. Бағдарлама әп-сәтте ондаған мегабайт трафикті жоқ қылады (сағатына шамамен 50-70 Мб). Бағдарламаны [www.earth.google.kz] сайтынан жүктеп алуға болады. Манипулятор доңғалағының көмегімен планетаны жақындату арқылы ландшафтын ғана емес көше, ғимараттарды, тіпті машина, адамдарды да көруге болады. Мұндай детализация әлемнің кез келген нүктесінде емес, үлкен елді мекендердің аумағында ғана бар. Бірінші кезекте әркім өз туған жерін жоғарыдан көргісі келетіні анық. Елді-мекенге өту үшін сол жақ жоғарғы бұрышындағы басқару тақтасына жазу керек. Қалаған жерге әсем анимациямен апарып тастайды. Мысалы Вашингтоннан Аягөз қаласына санаулы секундта ұшып баруға болады. Фотосуреттерден басқа бағдарлама көптеген қосымша мәліметтерді көрсетеді: нысанның ендік, бойлық бойынша дәл координатын, камераның биіктігін, фотосуреттің түсірілген күнін, 3D объектілер, панорамалар т.б жіктері бар. Жіктер (орыс. слой) — бұл картада бейнеленетін қосымша мәліметтер. Бұл жер бедері, жолдар, көшелер, атаулар, шекаралар т.б. Оларды көрсетуге/көрсетпеуге болады. Бұдан басқа ауа райы туралы ақпарат, көшелердің балама атаулары, фотогалереялар ұсынады. Фотогалереядағы фотосуреттерді пайдаланушылардың өздері қосады немесе пайдаланушылар сурет қоса алады. Қосымша құралдардың ішінде ландшафтқа күннің түсу түймесі (күн түсу бұрышы) мен сызғышы бар. Сызғыш арқылы екі нүктенің арақашықтығын дәл километражын көрсетсе, екіншісі күннің белгілі уақытта қалай түскенін көрсетеді.

Басқа бағдарламалардан айырмашылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Google Earth — біздің планетамыздың фотомоделін жасаудағы алғашқы талпыныс емес. 2007 жылы Майкрософт осы сияқты жобаны қолға алған, бірақ одан әлі белгі жоқ. NASA-ның осыған ұқсас World Wind 1.3 бағдарламасы бар. Тек Google компаниясы ғана сананы таң қалдырарлық өнім жасап шығарды.

Күн сайын Google серверлері жаңа ақпаратпен толығып жаңарып отырады. Google-дің Google Earth тегін нұсқасынан өзге GPS қабылдағыштарды қолдайтын және тағы басқа мүмкіндіктері бар Google Earth Plus-ты ұсынады.

Ал, Google Maps сізге онлайн режимде бірқатар мүмкіншіліктерін қолдануға мүмкіндік береді. «Көрініс» түймесін басып Хаббл телескоптарына әрең байқалатын аспан денелерін, оның ішінде Марс пен Айға жеке өтіп көруге болады. [1]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Google Earth


Ресми және таныстырушы сайттар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бейресми кеңестер және жаңалықтары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Белгілер және қаптамалар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • GeoServer Мұрағатталған 2 наурыздың 2008 жылы. - Server to generate KML from Shapefiles, ArcSDE, Oracle, PostGIS, MySQL, GeoTiff, ArcGrid, with support for Network links, superoverlays, time and custom pop-ups.
  • GPSVisualizer - Will convert GPS data for use in Google Earth.
  • GoogleEarthToolbox(қолжетпейтін сілтеме) - Matlab & Octave functions that output KML.
  • PlaceSurf - Dynamic KML file generator


Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. [1] Мұрағатталған 23 маусымның 2012 жылы.