Скрябин мұражайы
Скрябин мұражайы, Академик Скрябиннің мұражай үйі – Тараз қаласының ортасыннда, Абай және Бурыл көшелерінің қиылысында орналасқан академигі К.И. Скрябиннің мұражай үйі. 1962 жылы ашылған. Мұражай негізгі ғимараттан және гельминтологиялық лабораториядан тұрады. К.И. Скрябиннің 100 жылдық мерейтойына орай мұражайда реставрациялық жұмыстар жүргізіліп, мұражай ауласына ғалымға ескерткіш орнатылды. Мұражай 20 ғасыр басында салынған бір қабатты, аумағы 10 – 12,6 м болатын үй. Мұражай үйі 6 бөлмеден тұрады. Ол бөлмелерге ғалымның жеке заттары, құжаттары және өміріне қатысты материалдар қойылған. Ғалымның жұмыс бөлмесінің келбеті жасалынып, ғылыми шығармаларының қолжазбалары, еңбектерінің түпнұсқалары мен көшірмелері қойылған.
Сілтеме
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|