Кальций сульфаты
Көрініс
КАЛЬЦИЙ СУЛЬФАТЫ, күкірт қышқыл кальций, CaSO4 – күкірт қышқылының кальций тұзы. Табиғатта дигидрат CaSO4·2H2O (гипс) түрінде және сусыз ангидрит күйінде кездеседі. Сусыз Калций сульфаты түссіз кристалды зат, тығыздығы 2,96 г/см3, балқу t 1450°С. Суда нашар ериді. Гипсті 100°С-қа дейін қыздырғанда, жартылай гидратқа немесе алебастрға CaSO4·½H2O айналады. Оны суға илесе қатып, қайта гипске айналады. Калций сульфаты құрылыста, медицинада қолданылады. 1300°С темп-рада күйдірілген гипс, ангидрит құрылыс жұмыстарына цементтеуші ерітінділер жасауда пайдаланылады. [1]
Сілтемелер
- ↑ Қазақстан Энциклопедиясы
Сыртқы сілтемелер
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |