Мазмұнға өту

Өсімдіктерді жіктеу

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
16:40, 2015 ж. қазанның 19 кезіндегі GanS NIS (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа Өсімдіктану» деген санатты қосты (HotCat құралының көмегімен))
(айырма) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырма) | Жаңарақ нұсқа → (айырма)

Өсімдіктерді жіктеу немесе Синтаксономия  — шартты түрде туыстық белгілеріне сәйкес өсімдіктерді топтастырылып, жүйелеу әдістерді және синтаксономиялық иерархиясының субординациясын зеттейтін Геоботаника бөлімі.

Жер бетіндегі өсімдіктер алуан түрлі. Қазір жер бетінде 500 мыңдай, Қазақстанда 5600-дей өсімдік түрі бар. Оларды нақты білу үшін, біріне-бірі ұқсас өсімдіктерді топтарға бөліп қарастырады. Олар туыстық белгілеріне сәйкес топтастырылып, жүйеленген. Өсімдіктердің ұқсас түрлерін - туысқа, ұқсас туыстарды - тұқымдасқа, ұқсас тұқымдастарды - қатарға, ұқсас қатарларды - класқа, кластарды - бөлімге біріктіреді.

Жүйелеу бойынша әрбір топқа жататын өсімдіктердің арғы тегі бар. Мысалы, бір бөлімге, бір класқа жататын өсімдіктер бір тектен дамыған. Түрлер, туыстар және басқа да топтар ұзақ жылдар бойы әртүрлі сыртқы ортаға бейімделудің, басқа өсімдіктермен бірігіп өсудің нәтижесінде бірте-бірте пайда болған.

Жүйенің ең кіші бірлігі - түр. Түр туралы ұғым олардың біріне-бірінің ұқсас болуына және өзара будандасып, өздеріне ұқсас ұрпақ бере алатындығына байланысты қалыптасқан.