Мазмұнға өту

Кальций сульфаты

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
09:11, 2011 ж. тамыздың 18 кезіндегі Dinkaz (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (КАЛЬЦИЙ СУЛЬФАТЫ дегенді Кальций сульфаты дегенге жылжытты)

КАЛЬЦИЙ СУЛЬФАТЫ, күкірт қышқыл кальций, CaSO4 – күкірт қышқылының кальций тұзы. Табиғатта дигидрат CaSO4·2H2O (гипс) түрінде және сусыз ангидрит күйінде кездеседі. Сусыз Калций сульфаты түссіз кристалды зат, тығыздығы 2,96 г/см3, балқу t 1450°С. Суда нашар ериді. Гипсті 100°С-қа дейін қыздырғанда, жартылай гидратқа немесе алебастрға CaSO4·½H2O айналады. Оны суға илесе қатып, қайта гипске айналады. Калций сульфаты құрылыста, медицинада қолданылады. 1300°С темп-рада күйдірілген гипс, ангидрит құрылыс жұмыстарына цементтеуші ерітінділер жасауда пайдаланылады. [1]

Сілтемелер

  1. Қазақстан Энциклопедиясы

Сыртқы сілтемелер

Химиялық қосылыстар