Мазмұнға өту

Автотрансформатор

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Автотрансформатортрансформатордың бір түрі; бір немесе бірнеше ұшы бар жалғыз орамнан тұрады.

«Кернеу төмендеткіш» автотрансформаторда ену кернеуі (электр желісінің кернеуі) бүкіл орамға беріліп, шығу кернеуі (жүктеме) оның бір ғана бөлігінен (шығу көзі мен орамның шеткі бір тарамының аралығында) таратылады; ал «кернеу күшейткіш» автотрансформаторда желі орамның бір бөлігіне және жүктеме қуат орамға тұтас қосылады.

Реттеуге келмейтін қарапайым автотрансформаторлар кернеуді 127 В-тан 220 В-қа көбейтуге немесе керісінше, азайтуға пайдаланылады. Оны тоңазытқыш, шаңсорғышқа т. б. қосуға болады. Радиоқабылдағыш пен телевизорды қоректендіру үшін кернеулі сатылап немесе біртіндеп өзгертетін реттеуіші бар анағұрлым күрделі автотрансформаторлар қолданылады.

Қажетті кернеуге бақылау жасау үшін реттелетін автотрансформаторларда, әдетте вольтметр, яғни реттеуіш тұтқасында көрсеткіші бар кернеу шкаласы болады. Автотрансформаторларды пайдалану кезінде, оның бүкіл орамы мен бөліктері электр желісіне қосылып тұратындықтан өткізгіш сымға және автотрансформатордың кернеулі көзіне қол тигізу қауіпті екендігін естен шығармаған жөн.

«Автотрансформатор» ұғымын тұрмыста кернеу стабилизаторы деп жаңсақ айтылып жүрген және «автоматты трансформатор» деген қате анықтамамен шатастырмау керек.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9