Мазмұнға өту

Аккерман конвенциясы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Аккерман конвенциясы (1826) - Аккерман қаласында (қазіргі Белгород-Днестровскийде) 25 қырқүйекте (7 қараша) қол қойылған орыс-түрік келісімі.
Аккерман конвенциясы Бухарест бітім шартын (1812) қайталап, оның кейбір пукттерін айқындады. Түркия Сухумның, Редут-Қаланың, Анакрияның Ресейге қосылғанын және Ресей ұсынған Дунай межесін мойындады. Бір жарым жыл ішінде Түркия орыстарға ақшалай айып төлеуге міндеттенді, орыс сауда кемелерінің түрік суларында еркін жүзуіне, орыс купецтерінің Түркия жерінде кедергісіз сауда жасауына рұқсат берді. Аккерман конвенциясы Дунай князьдықтарының өзін-өзі басқару құқығын қалпына келтірді, Сербияның келешектегі ішкі құрылымын белгілеп, одан тартып алынған округтардың қайтарылуы т.б. қамтамасыз етті. Ресейдің Таяу Шығыстағы ықпалын ннығайтып, Балкан түбегі халықтарын түрік езгісінен азат етуде Аккерман конвенциясының зор маңызы бар.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998