Мазмұнға өту

Алвин Тоффлер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Алвин Тоффлер
ағылш. Alvin Toffler
Туған күні

4 қазан 1928 (1928-10-04)

Туған жері

Нью-Йорк, АҚШ

Қайтыс болған күні

27 маусым 2016 (2016-06-27) (87 жас)

Қайтыс болған жері

Лос Анжелес, АҚШ

Азаматтығы

 АҚШ

Ғылыми аясы

футурология

Жұмыс орны

Корнелл университеті
Жаңа мектеп

Альма-матер

Нью-Йорк университеті

Сайты

alvintoffler.net

Алвин Тоффлер (ағылш. Alvin Toffler; 4 қазан 1928, Нью-Йорк, АҚШ27 маусым 2016, Лос Анжелес, АҚШ) – америкалық әлеуметтанушы, публицист, “постиндустриялық қоғам” тұжырымдамасы авторларының бірі. “Болашақтың соққысы” (1970), “Үшінші толқын” (1980) және басқа еңбектерінде адамзат қоғамы жаңа технологиялық төңкерісті басынан өткізіп жатқандығы және мұның ақыры әлеуметтік қатынастардың үздіксіз түбегейлі жаңарып, қалыптан тыс индустриялық өркениеттің құрылуына әкелетінін айтты. Қазіргі мемлекеттердің қоғамдық құрылымы ғылыми-техникалық төңкеріспен бірге келген экономикалық, әлеуметтік салалардағы қайшылықтарға төтеп бере алмай, жаһандық деңгейдегі дағдарыстарға соқтырады. Түбегейлі демократикалық реформалар жасау арқылы әділетті қоғам құруға, дағдарыстардан шығуға болады деп білді.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том.