Мазмұнға өту

Александр Павлович Глеб

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Александр Глеб Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Александр Павлович Глеб

Туған күні

1 мамыр 1981 (1981-05-01) (43 жас)

Туған жері

Минск, Беларусь[1]

Азаматтығы

 Беларусь

Бойы

182

Салмағы

69

Позиция

жартылай қорғаушы

Клуб карьерасы[* 1]
1998 Беларусь Динамо-Юни 11 (1)
1999—2000 Беларусь БАТЭ 25 (4)
2000—2005 Германия Штутгарт 137 (13)
2000—2001 Германия Штутгарт II 17 (4)
2005—2008 Англия Арсенал (Лондон) 89 (7)
2008—2011 Испания Барселона 19 (0)
2009—2010  Германия Штутгарт 27 (0)
2010—2011  Англия Бирмингем Сити 19 (1)
2011  Германия Вольфсбург 4 (1)
2012 Ресей Крылья Советов 8 (0)
2012—2013 Беларусь БАТЭ 29 (3)
2014 Түркия Коньяспор 30 (2)
2015 Түркия Генчлербірлігі 15 (2)
2015 Беларусь БАТЭ 4 (0)
2016 Түркия Генчлербірлігі 12 (0)
2016 Беларусь БАТЭ 6 (0)
2017 Ресей Крылья Советов 7 (0)
2018—2019 Беларусь БАТЭ 16 (0)
2019 Беларусь Ислочь 13 (0)
Ұлттық құрамы[* 2]
2000—2004 Беларусь Беларусь-21 24 (7)
2001—2019  Беларусь 77 (7)
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Александр Павлович Глеб (белар. Аляксандр Паўлавіч Глеб; 1 мамыр 1981 жыл, Минск, Белорусь КСР, КСРО) — беларусь футболшысы, жартылай қорғаушы.

Туған інісі Вячеслав Глеб те кәсіпқой футболшы.

"Динамо" (Минск) клубының түлегі. Кәсіпқой карьерасын 1996 жылы "Динмаоның" жастар клубында бастады. 1998 жылы 17 жасында БАТЭ сапына ауысты.

2000 жылы інісі Вячеславпен бірге "Штутгарт" қатарын толықтырды. 2005 жылы 5 қыркүйек күні Бундеслигадағы тұңғыш ойынын "Кайзерслаутернге" қарсы өткізді. 2004/05 жылғы маусымда Глеб Германия чемпионатының үздік ассистенті атанды.

2005 жылы жазда "Арсеналға" ауысты. Екі маусым бойы негізгі құрамда ойнап, 2007/08 жылғы чемпионатта жарақатының кесірінен онша жарқырай алмады.

2008 жылы жазда "Барселонаға" ауысты. Осы трансферден соң-ақ Глебтің жолы болмады, "Барселонада" кіл жұздыздардың көлеңкесінде қап кетті, оның үстіне 2008/ 09 жылғы маусымның бастапқы бөлігінде жарақаты жазылмай, алаңға шыға алмады, одан кейінгі жылдарды түрлі клубтарда арендада өткізді. 2012 жылы ақпан айында "Барселонадан" біржола босап, "Қрылья Советовқа" ауысты.

2012 жылы шілдеде араға 12 жыл салып еліне оралды да, БАТЭ клубымен келісім шарт жасасты. Кейін де БАТЭ сапына бірнеше рет келіп, бірнеше рет кетті, арасында Түркияның "Генчлербірлігі", "Коньяспор" клубтарында ойнады.

2020 жылы наурыз айында карьерасын аяқтады.

Ұлттық құрама

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Беларусь құрамасы сапында ең ұзақ ойнаған футболшы. 19 жыл бойы құрама намысын қорғап, 77 кездесуде алаңға шықты.

Жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Командалық

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

БАТЭ

  • Беларусь чемпионы (5): 1999, 2012, 2013, 2015, 2016

Штутгарт

  • Интертото кубогы: 2002

Барселона

  • Испания чемпионы: 2008/09
  • Испания кубогы: 2008/09
  • Чемпиондар Лигасы: 2008/09

Бирмингем Сити

  • Лига кубогы: 2010/11
  • Беларуссияның үздік футболшысы (6): 2002, 2003, 2005, 2006, 2007, 2008
  • Бундеслиганың үздік ассистенті: 2004/05
  • «Арсенал» сапындағы тамыз айының үздік футболшысы: 2005

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]