Алеут аралдары
Көрініс
Алеут аралдары ағылш. Aleutian Islands | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Аралдар саны | 110 |
Ірі аралы | Унимак |
Жалпы ауданы | 17 666 км² |
Ең биік нүктесі | 2857 м |
Тұрғындар (2000 жыл) | 8162 адам |
Халық тығыздығы | 0,462 адам/км² |
Орналасуы | |
52°05′49″ с. е. 173°30′02″ б. б. / 52.09694° с. е. 173.50056° б. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 52°05′49″ с. е. 173°30′02″ б. б. / 52.09694° с. е. 173.50056° б. б. (G) (O) (Я) | |
Акватория | Тынық мұхит |
Ел | АҚШ |
Аймақ | Аляска |
Алеут аралдары Ортаққорда |
Алеут аралдары (ағылш. Aleutian Islands) — Тынық мұхиттың солтүстік бөлігіндегі архипелаг. 1867 жылға дейін Ресей империясының құрамында болды, кейін Аляска штатына (АҚШ) енді. Ұзындығы 1740 км. Иіле орналасқан 110 арал мен жартастар тізбегінен тұрады. Жерінің аумағы 37,8 мың км2. Тұрғыны 7,5 мың адам (1994). Байырғы тұрғындары — алеуттер. Алеут аралдары — су астындағы жоталардың қырқасы. Арадардың көбі — жанартау конустары, олардың 25-і атқылап тұр. Абсолют биіктігі 2860 м. Климаты субарктикалық, мұхиттық. Жылдық жауын-шашын мөлшері 1500 мм. Жері шымтезекті, тауға тән тундралық топырақты келеді. Балық аулау, аң терісі кәсіпшілігі дамыған. Басты елді мекені, әрі ірі соғыс-теңіз базасы — Уналашка аралындағы Датч-Харбор.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |