Алтын балық

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Алтын балық
(лат. Carassius auratus auratus)
(лат. Carassius auratus auratus)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүйекті балықтар
Сабы: Тұқы тәрізділер
Тұқымдасы: Тұқылар
Тегі: Мөңкелер
Екі-есімді атауы
Carassius auratus auratus
(Linnaeus, 1758)
Самурайдың үйіндегі ағаш кеспекте - алтын балықтар

Алтын балық (лат. Carassius auratus auratus) - Корея, Қытай, Жапония су қоймаларында кездесетін күміс түсті табан балықтан (лат. Carassius auratus) қолдан сұрыптау нәтижесінде шығарылған балық тұқымы. Бұлар қызыл, жасыл, қызғылт, сары т.б. болғандықтан Алтын балық деп аталады.

Үлкен аквариумда ұсталады, онда судың жылылығы 20°С болуы керек.

Уылдырығын сәуір-мамырда шашады, шабақтары екі жылда ересек балыққа айналады. Алтын балыққа жауын құртын, маса личинкаларын, уақтап туралған жас ет, сулы, сөк ботқасын және ақ нан беріге болады.

Алтын балықты аквариумда 10-12 жыл өсіруге болады.

Алтын балық табиғи суларда да кездеседі. Олар - вакин, комета түрлері. Бұл түрлері балдырлар арасында уылдырық шашады. Сол арада 2-2,5 тәулікте ұсақ шабақтар өсіп шығады. Олар бір жылдан кейін өздері уылдырық шашады.

Әуесқойлар мен кәсіпқойлардың сұрыптау жұмыс нәтижесінде қазіргі таңда Алтын балықтың көптеген түр тармақтары пайда болды. Алуан пішінді, түрлі түсті 300-ден астам тіршелері бар Алтын балықтар 2 улкен топқа бөлінеді:

  • денесі ұзын Алтын балықтар
  • қысқа денелі Алтын балықтар

Кейбір түрлері

Атауы Сурет Сипаттамасы
Кәдімгі алтын балық (ағылш. common goldfish Табиғи пішінінен айырмашылығы аз.
Көбелек (ағылш. butterfly tail; дзикин (жапон. 地金?)) Ерекше пішінді аквариумдық алтын балық, артқы жүзбеқанаты көбелектің қанаттарына ұқсайды.
Желпуіш тәрізді алтын балық (ағылш. fantail) Қысқа құйрығы желпуішке ұқсаған алтын балық.
Шілтеқұйрық (ағылш. veiltail) Денесі жұмыртқа тәрізді, қысқа. Жүзбеқанаттары ұзын, шілтеге ұқсас, екіге немесе үшке, төртке бөлінген.
Комета (ағылш. comet; комэтто (жапон. コメット?)) Денесі ұзындау, жүзбеқанаттары дара.
Оранда (ағылш. oranda; оранда сисигасира (жапон. 和蘭獅子頭?)) Денесі қысқа, жұмыртқа пішінді, көдерінің арасында үлкен бұлтық бар, жүзбеқанаттары ұзын.
Ранчу (ағылш. ranchu; рантю (蘭鋳?)) Денесі қысқа, жұмыртқа пішінді, арқа жүзбеқанаты жоқ, қалғандары - қысқа, басында көптеген мүйізгектер болады.
Рюкин (ағылш. ryukin; (жапон. 琉金?)) Денесі шар нысандас, арқасында бүкір бар.
Телескоп (ағылш. telescope eye; дэмэгин (жапон. 出目金?)) Денесі қысқа, жұмыртқа пішінді, жүзбеқанаттары ұзындау келген, құйрық жүзбеқанаты ерекше болады. Көздері үлкен, адырайған, телескоп оккуляры сияқты - содан атауын алған.
Шілтеқұйрық телескоп (ағылш. veiltail telescope eye) Денесі қысқа, жұмыртқа пішінді, жүзбеқанаттары ұзын, құйрық жүзбеқанаты - айырланған. Көздері үлкен, адырайған.
Қара телескоп Қара барқыт түсті алтын балық, денесі қысқа, жұмыртқа пішінді, жүзбеқанаттары ұзын.
Шубункин (калико) (ағылш. shubunkin; сюбункин (жапон. 朱文金?)) Қабыршақтары әйнектей, түсі - "шыт" сияқты ала-құла.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998