Амазония үндістері
Амазонка жағалаулары мен оның негізгі салаларының бойында бұдан 500 жыл бұрын үндістердің көптеген гүлденген қоныстары шашыла орналасты.
Тарума және омагуа сияқты тайпалар жауын сулары алып келген шөгінділермен тыңайған егістіктерден жүгерінің, маниоктің және күріштің мол өнімін жинады және ешқашан балықтан немесе тасбақа етінен тапшылық көрген жоқ. Солай болғанмен де соғыстардың, құлдану мен құл саудасымен айналысушылардың, ақ нәсілді адамдар әкелген аурулардың нәтижесінде, бұл тайпалардың бәрі біртіндеп жоғалып кетті. Бүгінде Амазонияда қалған үндістердің көпшілігі дәстүр бойынша негізгі өзендерден қашық, сельвада өмір сүргендер Өздерінің ата-бабалары сияқты бұл бытыраңқы тайпалар, көбінесе көшпелі өмір сүреді. Кедей жер телімдерін уақытша егістіктер үшін тазартады, бірақ, негізінен, аңшылық және балық аулаумен айналысады. Олар орман бере алатын нәрселерді жақсы пайдалана біледі. Тариано тайпасының үндістері, мысалы, 300-ден астам жабайы өсімдіктердің емдік қасиеттерін біледі. Амазониядағы үндіс халқы шамамен 100000 адамға дейін азайды, алайда бұрынғыша әр түрлі тілде сөйлейтін 150-дей тайпалар сақталған. Олардың көпшілігі Бразилияның солтүстік-шығысындагы каяполар сияқты Ұлттық үндіс қорының қорғауына алынған.
Бірақ оларға жерлерінің неғұрлым жылдам қарқынмен өзгеруі дәрежесіне байланысты күнелту үшін күрес жүргізуге тура келеді. XX ғасырдың соңындағы Амазония сельвасының жанашырлық жағдайы өткір экологиялық және саяси проблемаға айналды. Бұл Амазонияны жуырдағы уақытқа дейін тек романтикалық нышан, жабайы джунгли деп білетіндердің де назарын аударды. Экологтерді адамның ғаламшардағы аумағы жағынан ең үлкен ылғалды тропиктік орманға аяусыз шабуыл жасауы көбірек алаңдатып отыр.
Ағаштарды кесіп құлату мен ағаш дайындау сельваға деген жыртқыштық қатынастың ең көзге көрініп тұрған формалары. Аумағы жағынан орасан үлкен 6 орман кен-байлықтарын ашық әдіспен өндіру, ауыл шаруашылығын, мұнай өндіруді дамыту мен су электр станцияларын салудың нәтижесінде құрып бара жатыр. Егіншілік пен мал шаруашылығының мұқтаждықтарына алаңдар дайындау үшін сельваның үлкен телімдері өртеледі. Бұдан бәрінен бұрын ірі өзендердің бойындағы адам аяғы жетпейтін аудандар зардап шегеді. Дегенмен соңғы уакытта Амазония ормандарын жоюдың қарқыны баяулай бастады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазіргі дүние географиясы: Хрестоматия. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқу құралы. / Қ. Ахметов, Т. Увалиев, Г. Түсіпбекова. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-216-5