Мазмұнға өту

Амантай Қарақұлы Қарақов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Амантай Қарақұлы Қарақов (28.07.1946 Байғанин ауданы, Ақтөбе облысы), СШ-і (1970), ҚазКСР- інің ЕСЖ-сы (1988), Педагогика ғылымдарының кандитаты (1998), Педагогика ғылымдарының докторы, профессор (2009). 1968- 72 жылдардың арасында Қазақ Ұлттық дене тәрбиесі институтын бітірді. Содан кейін Қазақ Ұлттық экономика университетінде дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, кафедра меңгерушісі, факультет деканының орынбасары қызметтерін атқарды. Ал 2007 ж. Бұқаралық спорт түрлері бойынша жоғары республикалық мектептің директоры болып тағайындалды. Қарақов республикадағы дене тәрбиесі мен спорт саласындағы көрнекті ғалымдардың бірі. Оның ашқан және ұсынған ғылыми жаңалықтары жас ұрпақтың дене мәдениеті мен рухани жағынан жан- жақтан жетілуіне игі әсер туғызып орта және жоғары оқу орындарында кеңінен пайдаға асуда. Шығармалары: "Дене тәрбиесінің теориялық негіздері", "Дене тәрбиесінде ұлттық күрес түрлерін пайдалану", "Дене тәрбиесінің үйрету әдістері", "Дене шынықтыру, сауықтыру жүйелерінің ілімі мен тәсілдөрі".[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3