Амерсфорт

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Амерсфорт – Утрехт провинциясында орналасқан Нидерланд қаласы және қауымдастығы[1].

Қаланың 145 мың тұрғыны бар. Қаланың Амерсфорт атауы екі бөліктен тұрады : Amer (бүгінде Эм аталатын өзеннің ескірген атауы) және foort (аяқ өткел, заманауи нидерланд тілінде – voorde).

Орта ғасырларда Амерсфорт экономикасының негізі сыра қайнату мен шұға өндірісі болған. Ал 18-ғасырда аймақ темекі өндірісімен танымал болған. Бүгінде қалада бірқатар халықаралық ұйымдардың штаб-пәтері орналасқан.

  • Golden Tulip (Golden Tulip Hospitality Group) – халықаралық қонақ үй операторы;
  • Yokogawa Еуропа бөлімшесі – электржабдықтар мен бағдарламалық қамсыздандыру өндірушісі;
  • Nutreco – азық-түлік өнімдері мен жануарларға арналған азықтар өндірушісі;
  • Arcadis – консалтинг және инжиниринг,
  • DHV – консалтинг және инжиниринг

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%BC%D0%B5%D1%80%D1%81%D1%84%D0%BE%D1%80%D1%82