Мазмұнға өту

Анахуан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Анахуан , Анагуй, Анахуан (т. ж. б. — 552 ж. ө.) — Жужан қағаны. 5 ғ. бас кезінде Жужан елінің өз ішінде болған қақтығыста бауыры Шоуну өлтірілгеннен кейін қаған болып сайланған (520 ж.). Бірақ өзге бауырларымен қақтығыста жеңіліске ұшырап, аз қолмен барып, солт. Вэй хандығына бағынады. Қытайдың Лоян қ-нда тұрған ол Сүйфан “Цзюнь чоң” (солт. өлкелердің бегі), Жужан патшасы деген атақтарға ие болды. Кейін інілері оны солт-ке қайтып келіп, хан тағына отыруға шақырды (521 ж.). Бірақ Анахуан таққа отырудан бас тартты. Көп ұзамай оның бауырлары да телелерден жеңіліп, Вэй патшалығына барып паналады. Осы тұста Анахуан ел-жұртына қайтып оралып, қағандық билікті өз қолына алды. 6 ғ-дың Орта шенінде Алтай және Тянь-Шань тауларының аралығында бұрыннан жужандарға бағынышты болып келген Ашина түріктері күшейеді. Олар теле тайпаларының 50 мың қолын бағындырып (546 ж.), жужандарға қарсы шықты. Хуайхуанда (Қытайдың Хэбэй өлкесіне қарасты жер) болған шайқаста (552 ж.) А. Бумын қағаннан жеңіліп, өзін-өзі өлтірді.