Мазмұнға өту

Анжыр кептемесі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Cу басу нәтижесінде пайда болған анжыр кептемесі, Аляска

Анжыр кептемесі (Затор) — көктемгі сең жүру кезеңінде және мұзқұрсау басталар алдында, өзеннің қимасын су іші мұзы мен анжыр массаларының көптеп тастауы. Анжыр кептемесі судың ағысын бөгеп, су деңгейін көтереді және жағалауды су басады. Көбіне көктемгі сең журу кезінде, өзеннің неғұрлым таяз тұстарында болады. Күзгі сең мұз анжыр кептемесіне себеп болатындай көп жинала қоймайды. Анжыр кептемесі су ағысына бөгет жасауының салдарынан өзендегі судың деңгейі көтеріліп, арна маңайы су астында қалады.[1]

Анжыр кептемесі — мұзқұрсау алдында, өзен аңғарында су іші мүзы мен анжырдың жиналуы; судың ағысын бөгеп, су деңгейін көтереді, жағалауды су басады.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.
  2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Қүсайынов — Алматы: «Мектеп» баспасы Ж А Қ, 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2