Мазмұнға өту

Анна Мария ван Схурман

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Анна Мария ван Схурман
Сурет
Туған күні

5 қараша 1607 (1607-11-05)

Туған жері

Кельн

Қайтыс болған күні

4 мамыр 1678 (1678-05-04) (70 жас)

Азаматтығы

Нидерланды Корольдігі

Қызметі

Суретші, ақын, ғалым


Анна Мария ван Схурман немесе Шурман (​1607 ж. 5 қараша – 1678 ж. 4 мамыр) — Еуропадағы алғашқы əйел-​​студент (Утрехт университеті, 1636 ж.) Өз заманының ең білімді əйелі, танымал голландиялық суретші, ақын жəне ғалым болған.

Анна Мария ван Схурман Кельнде дүниеге келген,əлеуметтік жағынан жақсы қамтылған отбасында тəрбиеленген. Ол төрт жасынан бастап хат танып, алты жасында өзінің замандастарынан өзгеше ерекшеленетін,себебі сол уақытта өте күрделі қағаз қиындыларын жасауды меңгерген дарын иесі. [1] Кейбір жазбаларында ол осындай оймен бөліскен болатын:«мені ешкім үйрете алмаған көптеген нəрселерді өзімнің үйреніп, ашуыма тура келді». Бұл тұрғыда ол, балауызбен мүсіндеу техникасын қалай ойлап тапқандығы туралы айтады. Оның балауыздан жасалған мүсіндерінің өміршең болғаны соншалық, оның досы Нассау ханшайым, оның шың екеніне сенбей, сенімді болу үшін оны түйреуішпен шаншуға тура келгенін мəлімдейді.[2] 1613 - 1615 жылдар аралығында оның отбасы Утрехтке көшіп кетеді, он шақты жылдан кейін олар тағы да Фрисландиядағы Фрэнекерге көшіп келеді. Шурманға шамамен 11 жасынан бастап әкесі ұлдарымен бірге латын және басқа пәндерді оқытып бастады. Әрине бұл әдеттегідей,сол заманғы асыл тұқымды отбасылардағы тән оқыту жүйесі болған.[3] Жеке білім беру жүйесін және өзіндік жұмысты дамыту үшін Лейден университетінің профессорлары Андре Ривет пен Фридрих Спанхайм және Утрехт университетінің профессорларыы, отбасының көршісі Гисберт Воетиус сияқты белгілі адамдармен хат алмасу және кездесулер арқылы толықтырылды,жүргізілді.[4] Ол сонымен қатар кескіндеме өнерімен, қағаз кесу, кесте тігу және ағаш ою өнерлерімен айналысқандығымен ерекшеленді. Сонымен қатар, эксперимент жасау арқылы қол жеткізген тағы бір өнер түрі - каллиграфия. Бұл өнер түрін игерген соң, ол көптеген өзі білетін тілдерде әдемі жазуға мүмкіндік беретін стильдерді ойлап тапты.[5] Оның өмірлік кеңесшісі-әкесі қайтыс болғаннан кейін, отбасы 1626 жылы Утрехтке қайта көшті.[6] 1630 жылдары Анна Мария ван Схурман Магдалена ван де Пасседен гравюраны оқыған болатын.[7] Анна Мария ван Схурман ою жасау техникасын каллиграфия шеберлігімен ұштастыра отырып,әйгілі ойып жазылған каллиграфиялық шығармалары жарық көрді.Сол жазылған каллиграфиялық шығармалары замандастарының назарын аударды.[8] Анна Мария өзінің ойынқұмарлық міңезіне және экспериментіне қарамастан, өзінің өнеріне өте байыпты қарайтын, замандастары бұл сөзді дәлелдей алатынына күмәңіміз жоқ. Ол өзі де бір сөздерінде «Құдайдың құдыреттілігінің арқасында өнерде өте дарындымын » деп айтқан болатын. 1636 жылы Утрехт университетінің ашылу сәтінде Анна Мария ван Шурман да болған. Дәл осы тарихи сәтте Анна Мария ван Шурман университеттің құрметіне латынша өлең жазуға құлшынысты болып,тарихта қалған болатын. Өлеңде ол әйелдердің әлеуметтік ортадағы орны мен құқықтарын қорғап,оларды ешқандай кемсітуге,шеттетуге болмайтының өлеңінде түрткі өткен . Оның өлеңі француз және голланд тілдерінде жарық көрді.Әрине,айтпай өтпеске болмайтын ақиқат-ол Анна Мария ван Шурманның Еуропадағы университеттің алғашқы әйел студенті болғаны және гуманитарлық, медицина және теология бойынша сабақтарын өткізген алғашқы әйел. Оның арнайы стендін (‘Ecoute’) кейде басқалар пайдаланған, мысалы Декарт. Университетте ол сонымен бірге еврей, араб, халдей, сирия және эфиоп тілдерін оқығаны ақиқат. Оның философия мен теологияға қызығушылығы және суреткерлік таланты оның «Утрехт жұлдызы» ретінде танымал болуына ықпал етті. 1640 жылдарға дейін ол 14 тілді жетік меңгеріп, еркін сөйлей білген және латын, грек, иврит, итальян, француз, араб, парсы, эфиоп, неміс және голланд тілдерінде жаза да алған.[9]

Оның замандасы Пьер Ивонның айтуынша, Шурман математика, география және астрономияны өте жақсы меңгерген практик болған. Ол сонымен қатар портреттерді салған, портретте пастельді қолданған алғашқы танымал голландиялық суретші болғаны айғақ. Ол 1643 жылы суретшілердің Әулие Люк Гильдиясына құрметті жолдама алған болатын. Ал, бұл оның өнерінің көпшілік мойындағанын дәлелі. Шурманның әйелдерге білім беру туралы жазбаларының рұқсат етілмеген нұсқасы 1638 жылы Парижде «Dissertatio De Ingenii Muliebris ad Doctrinam & meliores Litteras aptitudine» деген атпен жарық көрді. Оның жазбаларының рұқсат етілмеген жинағы тарала сөз басталған кезде, Шурман 1641 жылы беделді латын трактатын жариялауға шешім қабылдаған болатын. 1657 жылы трактат ағылшын тілінде «Үйренілген қызметші» немесе «Қызметші ғалым бола ма?» деген атпен жарық көрдгенді.[10]

Лабадистік қызметі туралы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шурман 60 жасында лабадистік топтың басты жетекшілерінің біріне айналды.[11] 1660 жылдары Шурман Нидерландыдағы реформаланған шіркеулерден көңілі қатты қалған болатын. Сол себептен де,ол шіркеуді реформалауды өзінің мақсаты ретінде есептеді. Министрлермен хат алмасудан басқа, ол ел аралап, олармен кездесулер ұйымдастырып,нәтижеге қол жеткізгісі келді.Дегенмен де,рухани тақуалықтың жоқтығына және шіркеу мінберлерін иемденген «дін қызметкерлерінің жәдігерлеріне» қынжылды.[12]Сонымен қатар,400-ге жуық лабадистер дүниежүзілік құндылықтардан мүлдем алшақтауды машықтанды,себебі олар өздерінің барлық мүліктерімен бөлісу арқылы алғашқы қауымның қалпына орала аламыз деп санады. Өкінішке орай,өмірінің соңғы жылдарында Шурман ревматизмнің ұшыққан ауруына байланысты үйден шыға алмады,алайда ол хат жазуды тоқтатпады. Керісінше жалғастырып, Евклерияның екінші бөлімінде жұмыс істеді. Ол 1678 жылы 70 жасында қайтыс болды.[13]


Анна Мария Ван Схурман, автопортрет, 1640

Анна Мария ван Шурманның жарияланымдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«De Vitæ Termino» (Өмірдің соңы туралы). Лейден, 1639 ж. Жарық көрді. Дордрехт, 1639 ж. Жарияланған голланд тіліне Pael-steen van den tijt onses levens деп аударылды. Dissertatio, Doctrinam бойынша Ingenii Muliebris және Litteras Aptitudine meliores. Париж, 1638 ж., Лейден, 1641 ж. «Тәрбиеленген қызметші немесе қызметші үйренуге бола ма» деп аталатын көптеген тілдерге, соның ішінде голланд, француз (1646) және ағылшын (1659) тілдеріне аударылған. Бұл еңбек ортағасырлық силлогистикалық әдістерді қолдана отырып, әйелдерге барлық мәселелерде білім беру керек, бірақ алған білімдерін кәсіптік іс-әрекетте немесе жұмыста пайдаланбау керек және олардың үй шаруаларына араласуға жол бермеу керек деп тұжырымдайды. Өз уақыты үшін бұл радикалды ұстаным болды. Opuscula Hebræa, Græca, Latina, Gallica. Prosaica et Metrica. Утрехт. 1648. Бұл оның жиналған шығармаларының басылымы, оның ішінде француз, латын, грек және иврит тілдеріндегі корреспонденциялары, Лабадиенің тағы бір студенті Фридрих Спанхаймның редакциясымен Элсевье үйі басып шығарды. Том 1650, 1652, 1723 және 1749 жылдары қайта басылды.[14]


Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Anna Maria Schuurmans biography ​in ​Degrooteschouburghder Nederlantsche konstschilders en schilderessen​(1718) by ​Arnold Houbraken,​courtesy of the ​Digital library for Dutch literature
  2. Honig, Elizabeth Alice. "The Art of Being "Artistic": Dutch Women's Creative Practices in the 17th Century." Woman's Art Journal 22, no. 2 (2001): 31-39. doi:10.2307/1358900
  3. Anna Maria van Schurman in the RKD
  4. Laurie J. Churchill, Phyllis R. Brown & Jane E. Jeffrey (2014). Women Writing Latin: Early Modern Women Writing Latin. Routledge. p. 217. ISBN 9781135377564.
  5. Honig, Elizabeth Alice. "The Art of Being "Artistic": Dutch Women's Creative Practices in the 17th Century." Woman's Art Journal 22, no. 2 (2001): 31-39. doi:10.2307/1358900
  6. Anna Maria van Schurman in the RKD
  7. Honig, Elizabeth Alice. "The Art of Being "Artistic": Dutch Women's Creative Practices in the 17th Century." Woman's Art Journal 22, no. 2 (2001): 31-39. doi:10.2307/1358900
  8. Moore, Cornelia Niekus. "Anna Maria van Schurman (1607–1678)." Canadian Journal of Netherlandic Studies 11, no. 32 (1990): n5.
  9. https://en.wikipedia.org/wiki/Special:BookSources/9781135377564
  10. Melissa Smith (2004). Reading Early Modern Women: An Anthology of Texts in Manuscript and Print, 1550-1700. Psychology Press. p. 79. ISBN 9780415966467.
  11. Routledge (2014). Anna Maria Van Schurman, 'The Star of Utrecht': The Educational Vision and Reception of a Savante. Anne R. Larsen. p. 65. ISBN 9781317180708.
  12. Routledge (2014). Anna Maria Van Schurman, 'The Star of Utrecht': The Educational Vision and Reception of a Savante. Anne R. Larsen. p. 62. ISBN 9781317180708.
  13. Routledge (2014). Anna Maria Van Schurman, 'The Star of Utrecht': The Educational Vision and Reception of a Savante. Anne R. Larsen. p. 67. ISBN 9781317180708.
  14. Whipp, Koren. "Anna Maria van Schurman". Project Continua. Retrieved 23 September2014.