Ан-22

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Ан-22 «Антей»
Ресей ӘӘК-нің Ан-22 ұшағы
Ресей ӘӘК-нің Ан-22 ұшағы
Түрі

Көліктік ұшақ

Жобалаушысы

О. К. Антонова атындағы ЗЖБ

Өндірушісі

Ташкент Әуе Зауыты

Алғашқы ұшуы

27 ақпан 1965 жыл

Қолданысқа енгізілуі

1969

Статусы

Қолдануда

Негізгі эксплуатанттары

Ресей ӘӘҚ

Басқа эксплуатанттары

Антонов Желісі

Өндіріс жылдары

19661976

Өндірілген бірліктері

68(-9)

Ан-22 «Антей» Ортаққорда


Ан-22 «Антей» («бұйым 100», НАТО кодтау жүйесі бойынша: Cock) — кеңестік ауыр турбовинтті көліктік ұшақ. Бірінші кеңестік кеңфюзеляжды ұшақ. Алғаш рет аспанға 1965 жылы көтерілді. Сериялы 68 ұшақ жасалынды, сонымен бірге сынаулар үшін екі бөлек ұшақ жасалынды.

КСРО ӘӘҚде қолданылды, Ресей ӘӘҚта және украиндік «Antonov Airlines» желісінде қолдану жалғасын тапты.

Аэродинамикалық сызбанұсқасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Төртқозғалтқыш турбовинтті жоғарыплан, екікильді қауырсынмен және жүктік люкпен жабдықталған.

Ан-22 Украинада

Ан-22 («бұйым 100») ұшағының жобалауы бойынша жұмыстар 1960 жылы басталды, оны басқарған бас конструктор А. Я. Белолипецкий[1] басқарды. Жүктік кабина жобалауы сол кездегі әскери техниканы сыйдыру негізімен жобаланды, 50 тоннаға дейін.

1961 жылы макеттік комиссияның «бұйым 100» бойынша мәжілісі өтті. 1963 жылы прототип дайындалуы басталды, 1964 жылдың жазына таман дайын болды. 1964 жылдың 18 тамыз күні бірінші ұшақ ұшу сынақтарына берілді. Осы уақыттан бастап ұшақ Ан-22 «Антей» атауын алды.

Алғаш ұшуын Ан-22 1965 жылдың 27 ақпанында Киев Әуе зауотынын аэродромынан Узин әскери аэродромына өткізді. Кабина ішінде Ю. В. Курлина, ал екінші пилот В. И. Терског, штурман П. В. Кошкина, бортинженер В. М. Воротникова, бортэлектрик М. П. Раченко, бортрадист Н. Ф. Дробышева және жетекші инженер. Н. Шаталов болды. Бірінші халықтық ұшақ демонстрациясы 1965 жылдың 15 маусымында Ле Бурже авиасалонында өтті.

Ан-22 сериялық жасалуы Ташкентское авиациязауотында орнатылды. Алғаш «Антеилер» ӘӘҚ құрамына 1969 жылдың қаңтарында басталды. Ұшақ жасалуы 1976 жылға дейін созылды. 1965 жылдаң қарашасынан 1965 жылға дейін 66 «Антеи» жасалынып, оның 22 — Ан-22А үлгісінде.

2010 жылда 7 Ан-22 қолдануда (6 Ресейде және 1 Украинада), 18 сақталуда.[2] Ресейде 2011 жылда: RA-09342, RA-09328, RA-09329, RA-08832, RA-09309, RA-09344.

Жетекші сынаушылар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Авиация генерал-майоры Дедух С.Г.;
  • Полковник-инженер Панков И. М.;
  • Полковник-инженер Ищеев М.П.
Үшкилдік қауырсыны бар ұшақ Ан-22ПЗ, UR-64459
  • Ан-22 — базалық;
  • Ан-22А — 80 тоннаға дейінгі жүктерді көтеруге арналған ұшақ;
  • Ан-22А — жетілдірілген. Әуе стартермен ерекшеленеді. 28 ұшақ дайарланған;
  • Ан-22ПЗ («тасымалдаушы») — Ан-124 және Ан-225 ұшақтарының үлкен габоритті бөліктерін тасымалдау үшін жасалған.19801983 жылдары 3 ұшақ жасалған.

Техникалық сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ан-22 ұшқыштарының жұмыс орны
Ан-22 ұшағының силуэті
Сипаттамалар Ан-22
Экипаж 5-7 ұшқыш
Сыйымдылығы әскерилер — 290
десантшылар — 150
жарақат алғандар (зембіл үстінде) — 202
Ұзындығы 57,37 м
Қанат жаймасы 64,4 м
Қанат ауданы 345 м²
Биіктігі 12,54 м
Бос ұшақ салмағы 118727 кг
Максималды қону массасы 27000 кг
Крейсерлік жылдамдығы 550 км/сағ, (9000 м биіктікте)
Толық ұшақ массасы 120000 кг
Максималды жүктеме 60000 кг
Ұшу қашықтығы 5225 км
Максималді жанармай салмағы 96000 кг
Қажетті ұшу-қону жолағының ұзындығы 1460 м
Қозғалтқыштар (2×) НК-12МА
Қозғалтқыштың қуаттылығы 11240 кВт

Қолданылған әдебиет

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Андреев И. Воздушные гиганты // Техника — молодёжи. — 1977. — № 10. — С. 50-51.
  • Беляев В. В., Ильин В. Е. Российская современная авиация. — М.: АСТ, «Астрель», 2001. — С. 9-13.
  • Военная авиация. — Кн. 2. — Мн.: «Попурри», 1999. — С. 99-101.
  • Заярин В. М., Краснощёков А. Н. Античный герой XX века // Авиация и Время. — 1997. — № 5. — С. 4-20.
  • Ильин В. Е. Военно-транспортная авиация России. — М.: АСТ, «Астрель», 2001. — С. 45-59.
  • Лагутин О. В. Самолёт на столе. — 2-е изд., испр. и доп. — Киев: «АэроХобби», 1997. — С. 121—122.
  • Оперативно-стратегический военно-транспортный самолёт Ан-22 «Антей» // Авиация и космонавтика. — 2003. — № 8. — С. 34-35.
  • Якубович Н. В. Антей не из легенды // Крылья Родины. — 1997. — № 1.
  • Якубович Н. В. Все самолёты О. К. Антонова. — М.: АСТ, «Астрель», 2001. — С. 130—150.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]