Ас токсикоинфекциясы
Ас токсикоинфекциясы — шартты-патогенді бактериялармен және олардың токсиндері арқылы шақырылатын, ас қорыту жолын зақымдап, клиника бойынша гастроэнтерит, интоксикация және нервті циркуляторлы бұзылыстармен сипатталатын жедел инфекциялық ауру.
Этиологиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- стафилококктар
- cальмонеллалар
- Стрептококктар
- Вульгарлы протей
- Коли және параколий бактериялар
- Церус бактериялар
- Перфрингенс бактериялар
- Галофильді вибрион
Эпидемиологиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- инфекция көздері – жануарлар
- зақымдалу жолы – алиментарлы
- берілу факторлары- дұрыс сақталмаған ет және сүт тағамдары, жемістер
Патогенезі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Энтеротоксиндер – асқазан мен ішектің эпителиальды жасушаларымен байланысып, ферматативті жүйеге, эпителиоцит-аденилциклаза мен гуанильциклазаға әсер етеді шырышты қабат жасушаларында биологиялық активті заттар цАМФ, цГМФ, поросогландин, гистамин, ішек гормондарының және т.б. түзілуі артады.Нәтижесінде асқазан мен ішектің сұйық және тұз бөлу секрециясы артып, іш өту мен құсу пайда болады.
Цитотоксин-асқорыту жолының эпителиальды клеткаларының мембранасын бұзып, ішек қабырғасының өтімділігін жоғарлатады- нәтижесінде токсиндер қанға өтіп, интоксикацияны, жергілікті қабыну процестерін тудырады.
Клиникасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Инкубациялық кезең 30 минуттан 24 сағатқа дейін
- көбінесе жүрек айну, құсу, асқазан маңайында ауырсыну сезімімен жедел басталады
- іш өту құсудан кейін пайда болады (гастрит, гастроэнтерит)
- интоксикациялық, дегидратациялық синдром
Диагностикасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Диагноз қою клиникалық, лабораторлық, эпидемиологиялық мәліметтер бойынша
- бактериологиялық әдіс (нәжіс, құсық, тағам өнімдері)
- серологиялық әдіс-бөлінген микробтар аутоштаммына АД титрінің өсуі
Салыстырмалы диагностикасы:
- жедел ішек инфекциясы
- сальмонеллез
- шигеллез
- холера
- кампилобактериоз
- миокард инфаркты
- хирургиялық, гинекологиялық аурулармен
Емі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Емі - асқазанды шаю
- сифонды клизма қою
- энтеросорбенттер (активті көмір, Са карбонат т.б.)
- регидратациялық терапия
- диетовитаминотерапия
Профилактика
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Алдын алу үшін тамақ өнімдерін дайындауда, сақтауда, тасымалдауда санитарлы-гигиеналық және технологиялық режимді сақтау, жануарларды ветеринарлы-санитарлы бақылаумен қамтамасыз ету.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ koha.com.ua Мұрағатталған 1 мамырдың 2013 жылы.