Афина Паллада
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Басқа мағыналар үшін Афина (мағына) деген бетті қараңыз.
Афина (көне грекше: Ἀθηνᾶ) - Грек мифологиясындағы басты құдайлардың бірі - қыз құдай. Зевстің қызы. Басына дулыға, үстіне сауыт киген қалпында Зевстің басынан шығыпты-мыс.
Афина - соғыс құдайы; сонымен бірге ақылдық, тапқырлық иесі, көркемөнердің, білімнің, қолөнерінің қамқоры, мата тоқу, жіп иіруді, ауруды емдеуді үйретуші болып саналады.
Афинаның құрметіне Грекияда бүкіл халықтық мерекелер өткізіледі. Афинаның пластикалық бейнесін б.з.б. 5 ғ. мүсінші Фидий жасады. Ол Афинаны қару-жарақ асынған, сабырлы да салтанатты, терең ойлы, ер жүрек батыр қыз түрінде бейнелеген.
Афина - Ежелгі Рим мифологиясындағы Минавраға барабар[1].
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том
- Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Афина Паллада