Африкатану
Африкатану ( орыс. африканистика ) — Африка халықтарының мәдениет тарихын, фольклоры мен әдебиетін зерттеумен шұғылданатын гуманитарлық пәндердін жиынтығы. Лингвистикалық африкатану Африка құрлығындағы толып жатқан тілдерді зерттейді. Африка тілдерін зерттеуге 18 ғасырдан соны мен 19 ғасырдың басында А. Ф. Гіотт, X. Штейнталь, Р. К. Раек тағы басқалар Еуропа тіл ғалымдары көңіл бөлген. Казіргі Африка тіл білімі кенмағынада египтология мен жарым-жартылай семитологияны қоса қамтып, құрлықтағы барлық тілдерді зерттейді. Ал тар мақынада "Африка тіл білімі" Сахараның оңтүстігіндегі конгокордофон, нил-сахара, койсан тағы басқа Африка тілдерін зерттеумен шұғылданады. 19 ғасырдың сонында африкатану Бассе және Р. Бассе негізін салған бербертану ғылымы пайда болды. Казіргі бербертану берберливия тілдерін зерттейді. Сомали, оромо, афер, бедауйе тағы басқа кіретін кушит тілдерін зерттеу 19 ғасыр 1-жартысынан басталды. Африка тілдерін зерттеу КСРО-да Н. В. Юшманов, П. С. Кузнецов, Д. А. Ольдерогге, И. Л. Снегиров есімдерімен байланысты. Еуропада Африка тілдерін зерттеу осы құрлықты отарлаумен байланысты туған. Онын ірі орталықтары 19 ғасыр бері Германияда, Ұлы Британияда, Францияда, Бельгияда, 20 ғасыр 2-жартысында АҚШ-та, Австрияда құрылган. Африка тілдерін зерттеумен 20 ғасыр Африка ғалымдары айналыса бастады. 1930 жылы Кения, Танганьика, Уганда, Занзибарды қамтитын Аймакаралық комитет құрылған. Эфиопия тілдерін зерттейтін Академия ашылды. Орталык және Батые Африка тілдерінің көпшілігі университеттер мен Халық ағарту министрліктері жанындағы арнаулы орталықтарда (Камерун, Нигер, Нигерия, Мали, Того, Беним, Сенегал тағы басқа елдердегі) зерттеледі.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |