Ағылшын бастамасы
Ағылшын баста́масы — келесі жүріспен басталатын дебют:
1. c2-c4.
жабық бастамаларға жатады.
Қолдануы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]XIX ғасырда бұны Англия чемпионы Говард Стаунтон жиі қолданылатын, осыдан атауы да. Басты әйгілілігін дебют XX ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап ала бастады.
Бұл дебюттің көптеген нұсқаларын құруға өз үлестерін қосқан: Цукерторт, Нимцович, Рубинштейн, Рети, Капабланка, Ботвинник. Ағылшын бастамасы турнирлармен матчтарда жиі қолданатын: Смыслов, Полугаевский, Ларсен, Петросян, Таль, Портиш, Корчной, Карпов, Ульман, Любоевич, Андерссон, Майлс, Горт, Хюбнер, Гулько, Шуба, Каспаров, Иванчук, Крамник. Ағылшын бастамасындағы ең жаңашыл құрастыруларды еңгізген: Михал Гуревич, Михаил Марин, Ларс Карлссон, Энтони Костен және т.б..
Ағылшын бастамасы —эскейпер үшін олжа: бұл дебют ақтармен жабық бастамаларды ойнауды қалайтын шахматшыға, көптеген танымал және терең ойластырылған дебюттерден құтылуға мүмкіндік береді. Ақтардың бәсекестің жақсы зерттеліп, ойналған қорғаныстарды қолдануын айналып өту мүмкіндігі да маңызды жай.
1. d2-d4ден 1. с2-с4 пайдасына бас тартып, қай дебюттарды айналып өтуге болады?
"Қабылданған ферзьдік гамбит. Соңғы уақытта бұл дебют қараларға жақсы нәтиже беріп, жоғары деңгейде кездеседі, мысалы оны Ананд жиі қолданады. 1. с2-с4 жүрісі қараларға қабылданған ферзьдік гамбитты қалыпты түрінде ойнауға мүмкіндік бермейді, мысалы 1. с4 е6 2. Кс3 d5 3. d4 кейін, дебюттің қаралар үшін ыңғайсыз нұсқаларына апаратын ақтар 4. e4! жауабының салдарынан гамбитты 3… dc жолымен қабылдау әрекеті сәтсіз болып шығады.
Чигорин қорғанысы және Альбин контргамбиты. Әдеттегі абыройсыздығына қарамастан, бұл дебюттер экстракласс гросмейстерлер деңгейінде де кездеседі. Чигорин қорғанысымен Альбин контргамбитының аса ірі қазіргі апологеті А. Морозевичтің қаралардан оң балансы да болады.
Будапешттік гамбит.
Славян қорғанысы. Қазіргі дебюттердің ішіндегі ең танымал да бұзуға қиындардың бірі. «Славянканың» әуесқойлары ойынды 2. d4ден кейін жақсы зерттелген схемаларға айналдыруға тырысып, 1. с4ке көбіне 1. с6 деп жауап береді. Бірақ ақтардың партияны Каро-Канн (2. е4) қорғанысы саласына айналдыруға немесе Рети дебютының негізгі ойларын ұстану мүмкіндігі болады.
Грюнфельд қорғанысы . бұл дебют нұсқалары аса терең ойластырылған, гроссмейстерлердің көбі басымдылыққа жол іздейді, бірақ қаралардың барлық жерлерде контройыны табылады. Ағылшын бастамасы ақтарға Грюнфельд қорғанысын айналып өтуге бірнеше мүмкіндік береді.
Нимцович қорғанысы . «Анти-Нимцович» атауы өзі үшін өзі жауап береді— ақтар қорғаныстың негізгі нұсқаларын айналып өтуге тырысады.
Жаңаиндиялық қорғаныспен Боголюбов қорғанысы.
Бенони қорғанысы, Модерн-Бенони, волгалық гамбит.
Голландиялық қорғаныс.
«Танго» 1. d4 Kf6 2. с4 Кс6!? Бұл қалыпты емес дебют соңғы он жылда танымал болды. Ақтарға қаралардың стретегиясын жоққа шығару оңай емес. Дебют ең жоғары рангтағы жарыстарда кездесіп, қараларға тәуір тәжірибелік нәтижелер әкеледі.
Ағылшын қорғанысы (English Defence) 1. d4 e6 2. c4 b6!? Қорғаныс Э. Майлс басқарған ағылшын шахматшылар тобымен ойластырып құрылған. Қаралардың сәл баяу стратегиясына заңды реакция — 3. е4. Бірақ бұл жүріс ақтарға құаныштан гөрі өкінішін моларақ әкеледі. Қараларда ақтардың орталығына қарсы контройынға таңғаларлық ресурстары табылады. Нұсқаның статистикасы да қаралардың пайдасына. Сондықтан, ақтардың маңызды басымдылығы жайлы мұнда айтуға болмаса да, күшті шахматшылар 3. a3!? қалайды. И. Одесскийдің «Мүмкіндігі жоқ бастама» кітабін қара. Ағылшын бастамасы ақтарға бұл дебютты айналып өтуге мұрша береді.
Поляк қорғанысы, St. George defence. 1. d4 b5?! 2. e4 a6. Қорғаныс Сокольский дебютінің екінші қолдағы вариациясы болып келеді. Көрінер еді, қаралар , алғашқы жүрістерден-ақ, шеттегі операциялар пайдасына орталықты менсінбей, жеңіл жазаланған болуға тиісті еді. Бірақ, бәрі сондай қарапайым емес. Бұл дебютте, ақтар үшін ойнаған ең күшті әлем шахматшылары да кейде жеңіліс табқан, мысалы, 1983 жылы А. Карпов Э. Майлстен жеңілді.
Атауы жоқ дебют 1. d4 e6 2. c4 Сb4!? Бұлай көптеген күшті гроссмейстерлер ойнаған, мысалы, Псахис, Эйнгорн, Шорт, Корчной. Жоспарларды өзгертіп, басқа бастамаларға көшуге мұрша беретін икемді дебют, және қаралардың статистикасы тәуір. Ағылшын бастамасы ақтарға бұл дебюттен де бас тартуға мүмкіндік береді.
Ежелгіиндиялық қорғаныс. Жалпы айтқанда, ақтар бұл дебютті айналып өтуі айтарлықтай сирек. Бірақ, 1. с2-с4! Жүрісі оларға сондай да мүмкіндік береді.
Ағылшын бастамасының артықшылығымен жетіспеушілігі.
Ағылшын бастамасының 1. d4 жүрісімен салыстырғанда бас артықшылығы - бұл дебютте ойынды құру қаралар жағынан емес, ақтар жағынан жеңілрек. Қарсыласқа оның ұнататын позицияларын ойнау мүмкіндігін бермеу. Дебюттің жалғыз мағызды минусы- қаралар 1… е5 жүрісіне тез арада жауап беруі мүмкін. Біраз шахматшылардың ойы бойынша, 1. с4 е5 ден кейін ақтар шанстары басымдылық алуға тым аз. Сондықтан гроссмейстерлер, 1… е5 жауабынан қауіптенушілер, ағылшын бастамасын жүрістердің өзге ретінде ойнайды: 1. Kf3 Kf6, енді ғана — 2. c4. Бірақ 1. Kf3 тің басқа минусы бар: қаралар 1… d5жауап беруі мүмкін, яғни, ақтарға қабылданған ферзьдік гамбит немесе славян қорғанысынан құтылу мүмкін емес. Ортодоксальды ферзьдік гамбите де ертерек Kf3 қараларға қорғанысты жеңілдетені белгілі.
1. с4 ойнап, тез арадағы 1… е5 жауабынан қауіптенуге тұрады ма? Статистикны қарайық. Егер 1… е5 жүрісі ақтарға сонша қауіпті болса, гроссмейстерлердің көбі 1. с4 жүрісіне дәл солай жауап беруші еді ғой. Бірақ мұндағы ең танымал жауап — 1… Kf6. Әрі қарай. 1. с4 Kf6 2. Кс3ен кейін 2… е5 жауабы 2… g6, 2… e6 және 2… c5 сияқты жалғасуларға жол беріп, танымалдығы жағынан төртінші орында. Яғни, қаралар үшін ойнайтындар е7-е5 бар жүйелерге басқа қорғаныстарды қалайды .
1. с2-с4 жүрісі әлем біріншілігі үшін матчтарда танымал: Корчной Карповқа қарсы матчтарда партиялардың көбін піл пешкасы жүрісімен ашатынын еске салса, жеткілікті. Каспаров Карповпен ойнаған матчта 87 жылдан бастап, ағылшын бастамасын басты дебют қаруы ретінде таңдап алды. Ол бұл жүрістен матчтың соңғы, 24-ші, партиясында, оған жеңіс қажет болғанда да айнымады. Қызығы сол, 23 партияда ұқсас ситуацияда Карпов болды: оған жеңу қажет еді. Ол 1. с2-с4 таңдады да жеңіске жетті.
Ағылшын бастамасы әуесқойлардың жоғарғы деңгейлілерінің де арасында әйгілілігі шамалы. Себебі қарапайым. Мұнда «зеріктіретін» позициялар туындау ықтималдығы, өткір тактикалық күресті бастау сонша оңай емес. Бұл дебютте жеңетіні – қайсысының қарсыласынан позициялық түсінігі, маневр жасау өнері, туындап жатқан позициялардың жұпжұқа ньюанстарын сезіну қабілеті басым. Ағылшын бастамасы — желікпелерге арналмаған. Жалғыз тактикамен есепке мініп мұнда алысқа бара алмайсың. Жабық дебюттарды үдемелі зерттеудің өлшемінен оларды ойнау қиындай түседі ме деген ой келеді: Грюнфельд немесе Нимцович қорғанысытарында жаңашыл бірдеңе ойлап табу бүгін де қиынға түседі. Ағылшын бастамасында әдетте оқиғалар сонша шапшаң дамымайды, пешкалық құрылым бірден анықталмайды, онда жылдамдатылған, эндшпиліне дейін өңделген нұсқалары едәуір аз. Ендеше — онда ойын позициялары моларақ, сондықтан дәл ағылшын бастамасының келешегі бар.
1.c4 не негізгі жауаптар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1.c4 e5 — Кейбір жағдайларда түстер ауысуымен сицилиан қорғанысына ұқсас позицияларға апарады, мысалы, «кері айдаһар» немесе жабық жүйе;
- 1.c4 c5 — Симметриялық нұсқа;
- 1.c4 Nf6 — жиі жүрістер алмасуымен Нимцовича қорғанысына, Грюнфельд қорғанысына және ежелгіиндиялыққа апарады, бірақ нұсқалардың көбінің өзіндік мәні бар (анти-Нимцович, анти-Грюнфельд);
- 1.c4 e6 — әдетте жүрістердің алмасуымен ферзьдік гамбитке, каталондық бастамаға, немесе Рети дебютіне апарады;
- 1.c4 c6 — әдетте жүрістер алмасуымен славян қорғанысына немесе Каро-Канн қорғанысына апарады;
- 1.c4 f5 —голландиялық қорғанысқа апарады, егер ақтар әрі қарай d4 ойнаса.
- 1.c4 b6 —2.d4 e6 ен кейін тәжірибеге Э.Майлс және басқа ағылшын шахматшылары еңгізген, атауы жоқ өткір дебютке апарады. Жиі ақтар d пешкасын тез арада жылжытудан тартынатыны оларға белгілі плюстар береді.
Негізгі жүйелерге шолу
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1.c4 e5 2.Nc3 Nf6 3.g3 — бірінші қолдағы айдаһар жүйесі;
- 1.c4 e5 2.Nc3 Nf6 3.Nf3 — үш аттың жүйесі;
- 1.c4 e5 2.Nc3 Nf6 3.Nf3 Nc6 — төрт аттың жұйесі;
- 1.c4 e5 2.Nc3 Nc6 3.g3 g6 — жабық жүйе;
- 1.c4 e5 2.Nc3 d6;
- 1.c4 e5 2.Nc3 f5; 1.c4 e5 2.Nc3 Nc6 3.Nf3 f5; 1.c4 e5 2.Nc3 Nc6 3.g3 f5 — f7-f5 бар жүйелер;
- 1.c4 Nf6 2.Nc3 e6 3.Nf3 Bb4 — ақтардың Нимцович қорғанысынан бас тартуы;
- 1.c4 Nf6 2.Nc3 e6 3.e4 —Микенас-Флор жүйесі;
- 1.c4 Nf6 2.Nc3 d5 — ақтардың Грюнфельд қорғанысынан бас тартуы;
- 1.c4 c5 2.Nf3 Nf6 3.d4 сxd4 4.Nxd4
- 1.c4 c5 2.Nf3 Nf6 3.Nc3 e6 4.g3 b6 5.Bg2 Bb7 6.O-O или 1.c4 c5 2.Nf3 Nf6 3.d4 сxd4 4.Nxd4
b6 —«кірпі» жүйесі
- 1.c4 c5 2.Nf3 Nf6 3.g3 b6 4.Bg2 Bb7 5. O-O g6 — қос фианкетто;
- 1.c4 c5 2.Nc3 Nf6 3.Nf3 d5 4.cxd5 Nxd5 — «Қазіргі нұсқа»;
- 1.c4 c5 2.Nc3 Nf6 3.g3 d5 4.cxd5 Nxd5 5.Bg2 —Рубинштейн жүйесі;
- 1.c4 c5 2.Nf3 Nf6 3.Nc3 Nc6 — симметриялық нұсқа.
Әдебиет
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- В. К. Багиров. Ағылшын бастамасы. М., ФиС, 1989. ISBN 5-278-00167-4.
- С.Шипов. Кірпі: стратегиямен тактика оқулығы. М., 2004. ISBN 5-7905-2763-9
- А. Карпов. Ағылшын бастамасын ойнап үйреніңдер. М., 2004. ISBN 5-94693-046-X
- Kosten, A. The Dynamic English. London, 2008.
- Povah, Nigel. How to play the English Opening. London, 1991.