Ақсары жоңышқа
Ақсары жоңышқасы (Medіcago ochroleuca) – бұршақ тұқымдасына жататын жоңышқа туысының бір түрі, көп жылдық өсімдік. Қазақстанда Талас Алатауының батысындағы Ақсу-Жабағылы тауының солтүстік тасты беткейлерінде, биік тау белдеулерінде, аршалы бұта, орман арасында өседі. Биіктігі 75 – 80 см, сабағы тік, жапырақтары үш құлақты, жапырақшалары ұзынша, түкті, кейде жалаң болады. Гүлі сары түсті, бұршағы имек, бозқоңыр түсті келеді. Маусым – шілде айларында гүлдейді. Тамыз – қыркүйекте жеміс береді. Тұқымынан және өсімді жолмен көбейеді. Ақсары жоңышқа – құнарлы мал азығы. Сирек кездесетіндіктен Ақсу-Жабағылы қорығында қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.[1][2]
Ішкі сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ энциклопедиясы 7- том, ҚР табиғаты
- ↑ Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |