А4

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
А4 парағының басқа А сериясындағы форматтарға қатынасы

А4қағаз форматы, белгіленген ISO 216 стандартта, метрикалық өлшем системасында негізделген. Оның өлшемі - 210х297 мм., диагональі - 364 мм. Парақ форматының ауданы А4 = 1/16 м².

А4 парақ форматы А0 форматының жүйелі түрде екі бөлікке бөлінуінен алынады. А0 форматының ауданы = 1 м²: А0 = 2 х А1, А1 = 2 х А2, А2 = 2 х А3, А3 = 2 х А4. А4 форматын екіге бөлген жағдайда екі А5 форматы шығады, сонымен қатар, ол А4 форматының жартысын сақтап тұрып, қабырғаларының қатынасы 1: √2 (Лихтенберг қатынасы).

А4 формат құжаттырда, сызбаларда, хаттамаларда, журналдарда, бланктарда және принтер мен көшірме техникаларда қолданады.

Сызба терминологиясында А4 форматқа 11 сәйкес келеді, А3 форматына 12 форматы, А2 -ге 22, А1 -ге 24. Форматтар 2 санмен белгіленеді. Біріншісі формат бөлігінің 297 мм. өлшемге тең еселігін, ал екіншісі форматтың екінші жағының 210 мм. өлшемге тең еселігі көрсетеді.