Барсакелмес
Барсакелмес | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ауданы | 133 км² |
Орналасуы | |
45°38′46″ с. е. 59°52′40″ ш. б. / 45.64611° с. е. 59.87778° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 45°38′46″ с. е. 59°52′40″ ш. б. / 45.64611° с. е. 59.87778° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Акватория | Арал теңізі |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Қызылорда облысы |
Аудан | Арал ауданы |
Lua error Module:Wikidata/media ішіндегі 4 жолында: attempt to concatenate local 'value' (a nil value). |
Барсакелмес – Арал теңізінің солтүстік бөлігіндегі арал. Қызылорда облысының Арал ауданында орналасқан. Теңіз суы тартылғанға дейінгі ұзындығы 28 км, енді жері 8 км, ауданы 133 км2 (1987) арал болған.
Сипаттамасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Теңіз құрғаған соң ол төңіректегі географиялық обьектілердің атаулары өзгеріске ұшырады. Арал теңізінің табаны Аралқұм шөлі боп атала бастады. 1990 жылдары Барсакелмес аралы Барсакелмес түбегі деп аталды да, 2009 жылдан бастап «түбек» статусын да жоғалтты, теңіздің орнындағы төбешікке айналды, қазір экс-арал ретінде айтылады.
Түбек ендік бағытта созылып жатыр. Жер қыртысы неоген шөгінділерінің сазды тақтатас және мергель тау жыныстарынан тұрады. Оның бетін төрттік кезеңнің шөгінділері жапқан. Жер бедері дөңесті-белесті болып келеді. Абсолюттік биіктігі (Шағалалы төбесі) 113 м. Құмды жерлерінде шағылдар мен құм төбешіктер бар. Барсакелместің батыс бөлігінің жағалауы жартасты, жарқабақты, шығысы жазық, жайпақ келген. Климаты тым континенттік, шөлдік. Қысы суық, жазы ыстық. Қаңтардың орташа температурасы –10°С, кейбір күндері –35°С-қа дейін төмендейді. Шілдедегі орташа температура 26,5°С, кейде 40°С-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 100 – 120 мм. Жер асты суы ащы. Топырағы сұр, сортаң және құмдақ. Өсімдіктен сексеуіл, бұйырғын, теріскен, жусанның бірнеше түрі, адыраспан және әр түрлі сораң шөптер кең тараған.
Теңіз суының тартылып қалуына және топырағының кебірленіп тұзға айналуына байланысты түбектегі жануарлар (ақбөкен, құлан, қарақұйрық, ор қоян, т.б.) Қапшағай аңшылық-қорық шаруашылығына және Үстірт қорығына көшірілген.[1][2]
Атауы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Барсакелмес аралы неліктен бұлай аталғаны жөнінде бірнеше аңыздар бар, соның бірін Ел.кз танымдық сайты білай деп баяндайды: Баяғыда осы маңайда тұратын тайпалар арасында жаугершілікке тыйым болмай бара жатқаннан кейін Ләтпай деген кісі бастаған ру адамдары құлақ естіп, көз көрмеген алыс жаққа кетіп қалуға қам жасайды. Сонда бұларға теңіздің қақ ортасындағы суы тұщы, шалғыны шүйгін, балығы мол, алуан түрлі аң-құсы бар, сексеуілі қалың ғажайып аралға өтіп кетуді ұсынушылар табылады. Бұлар мұз қатқанда күзер жасап, соның үстімен аралдың төріне жетіп алмақ болады. Сол мақсатта Изенді ондағы табиғатты ақ жартас түбін паналап, шолпанның тууын күтіп отырғандарында, олар жаққан оттың маңайына жыртық шапанды, тесік тымақты бір ақсақал келіп, Ләтпайға қарап: «Ол аралдан қорықпаңдар, онда зұлымдық жоқ, қасқыр жоқ, адамдар жоқ. Аралда табиғатты сақтасаңдар, бақытты да ұзақ өмір сүресіңдер. Ұрпақтарың ештеңеден зәрулік көрмейді. Мыңғырған мал болады. Аң-құсты өлтірмеңдер. Аққуларға тимеңдер», — дейді. Осыны айтқан қария заматында қараңғылық қойнауына сүңгіп жоқ болады. Ләтпай оның Қыдыр екенін іштей сезеді. Ал, төбеден шолпан көрінген сәтте тайпа түгел орнынан қозғалып, мұзды көпір — күзердің үстімен тізбектеліп жүріп өтіп, аралдың қойнауына барып түседі. Қысты осы аралда жақсы өткізген Ләтпайдың жұрты көктемге қарай тойына бастайды. Қыдыр атаның айтқандары айдай келіп, көп ұзамай олар байи бастайды. Осы ұзақ аңыздың ақыры аралдағы ағайынның жылдардың жылы баяғы қарияның өсиетін естерінен тарс шығарып, сексеуілді отап, аң-құсты қырып, аққуға ауыз сала бастауы салдарынан бір түнде маңайды түгел ордалы жыланның жалмауымен аяқталады. Аңыз бойынша сол қырғыннан сегіз жасар бала ғана аман қалыпты...
Басқа да фактілер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Борис Лавреневтің «Қырық бірінші» атты повесіндегі негізгі оқиғалар Барсакелмес аралында болады.
Өзбек жазушысы Джонрид Абдуллахановтың «Барсакелмес» атты роман-трилогиясы бар.
Тағы бір аңыздар бойынша, 1950-60 жылдары аралда Әбдіразақ есімді кісі тірлік кешкен, оны ол жерге туыстары апарып тастаған көрінеді. Әбдіразақ бірнеше рет ұшқыш тәрелкелерге ұқсайтын беймәлім обьектілерді байқаған.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ энциклопедиясы
- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы Қазақ энциклопедиясы Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Barsa-Kelmes |