Мазмұнға өту

Бас желілілер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
A.
Бас желілілер.

Бас желілілер , бас хордалылар (Cephalochordata) – желілілер типі бассүйексіздер тармағының жалғыз класы. Атлант, Тынық, Үнді мұхиттары жылы теңіздерінің жағалауға жақын таяз жерлеріндегі құм арасында кездеседі. Оның қандауырша тәрізділер деген бір ғана отряды бар. Денесіндегі желісі (хордасы) құйрық бөлігінен басына дейін ұзына бойы созылып жататындықтан осылай аталған. Оған дене тұрқы 1,5 – 8 см, екі бүйірі қысыңқы ұсақ теңіз жануарлары жатады. Арқа бұлшық еттері 50 – 80-ге жуық ұсақ бөліктерден (миомерлерден) тұрады. Ауыз алды қуысында 20-дай ұсақ қармалауыштары бар. Жұтқыншағы көлемді әрі оның екі бүйірінде 100 жұптан астам желбезек саңылаулары орналасқан, оның сыртын жұқа терілі қатпар жауып тұрады. Аузынан кірген су арнайы атриопор саңылауы арқылы, ал қорытылмаған қоректік заттар аналь саңылауы арқылы сыртқа шығарылады. Денесінің құрамында белок мол болғандықтан, жергілікті тұрғындар тағам ретінде пайдаланады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы

Бас желілілер