Мазмұнға өту

Батпақтану

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Герминиядағы Батпақ

Батпақтану — 1) аймақтың физикалық-географиялық жағдайына байланысты артық немесе мөлшерден көп ылғалданудан, атмосфералық судың іркіліп жиналуынан (топырақта су өткізбейтін қабат болса немесе суды бей-берекет пайдаланғаннан), суармалау процесінің бұзылуынан және грунт суы деңгейінің жер бетіне жақын жатуынан ойпаңды жерлердің, топырақтың суға толығымен қанығуы. Б. екі процестен тұрады: алғашқысы шымтезектену (шала шіріген органикалық қалдықтардың жинақталуынан), екіншісі қорыс-қопалануға (топырақтың артық ылғалдануынан оксидсіз қосылыстардың түзілуі) байла¬нысты өтеді де, батпақты топырақтар түзіледі. Топырақтын батпақтануы оның агрономиялық қасиеттерін нашарлатады. Б. ағыстың тартылуына байланысты топырақ пен жер қыртысының мөлшерден тыс ылғалдануынан, жер асты суларының көтерілуінен немесе булану процесінің бәсеңдеуінен пайда болады. Жердің батпақтануы және жердің шымтезекті түріне айналуы деп сараланатын екі түрі болады; 2) геоботаникалық, топырақтық, гидрологиялық және геологиялық зерттеулердің нәтижесіне негізделген батпақ тұралы ғылым саласы. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.