Батпақтар жіктемесі
Батпақтар жіктемесі — батпақтарды олардың кейбір жалпы сипаттарына қарай топтарға бөлу. Су-минералдық қоректену сипатына, жер бедеріне, орналасу жағдайына байланысты және негізгі өсімдік құрамына қарай батпақтар негізгі үш экологиялық түрге бөлінеді:
Ойпандық батпақтар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Oйпандық батпақтар жер бедерінің ойыс бөліктерінде орналасады. Әдетте, батпақ беті тегіс немесе көтеріңкі (дөңестеу) болып келеді. Атмосфералық жауын-шашын мен қоршаған жыралар арқылы түсетін ағындымен қоса минералды тұздары мол жер асты суларымен қоректенеді. Ойпаңдық батпақтарда минералды қоректі көп қажет ететін өсімдіктер өседі. Синонимі: эвтрофты немесе шөптесін батпақтар;
Беткейлік батпақтар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Беткейлік батпақтар негізінен атмосфералық жауын-шашынмен қоректенеді, сондықтан оларда минералды тұздар аз болып келеді. Бұл батпақтарда топырақтағы қоректік заттарды көп қажет етпейтін олиготрофты өсімдіктер (сфагналық мүктер) өседі. Батпақтың орталық бөлігі шеттеріне қарағанда 7-8 м-ге көтеріңкі болып келеді. Синонимі: олиготрофты немесе мүкті батпақтар;
Өтпелі батпақтар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Өтпелі батпақтар өсімдік жамылғысына және оларды қоректендіретін сулардың минералдылығына қарағанда ойпаңдық және беткейлік батпақтардың екі ортасындағы аралық сипатқа ие. Синонимі: мезотрофты немесе орманды батпақтар. Бет бедерінің геоморфологиялық ахуалына байланысты батпақтар суайрық кеңістіктерінің батпақ массивтері және өзен аңғарлары мен көл қазаншұңқырларының батпақты массивтері болып екі топка бөлінеді. [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |