Бауэр Ембергенұлы Алтынбеков
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Бауэр Ембергенұлы Алтынбеков (17.3.1931 жыл, Алматы қаласы) – ғалым, медицина ғылымдарының докторы (1976), профессор (1980), Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі (2003).
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Қарағанды мемлекеттік медицина институтын бітірген (1958).
- Қазақ еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері (1958–1971)
- Ақтөбе медицина институтында жалпы гигиена кафедрасының меңгерушісі (1971–1974).
- Қазақ еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ғылыми-зерттеу институтының директоры (1974–90)
- Қарағанды мемлекеттік медицина институтының (1990–1995) кафедра меңгерушісі.
- 1995 жылдан Шымкент медицина институтының кәсіби аурулар мен жалпы гигиена кафедраларының меңгерушісі болды.
Еңбектері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі еңбектері еңбек гигиенасы мен адам физиологиясы, эргономика, кәсіби патология, әлеуметтік гигиена мәселелеріне арналған.
- Семей ядролық полигонының және антропогендік экологияның сол аймаққа тигізіп отырған зардаптарын да зерттеген.
- Ол еңбек гигиенасымен шұғылданушылардың қазақстандық мектебінің негізін қалады.
Марапаттары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Құрмет Белгісі» орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Санаттар:
- 17 наурызда туғандар
- 1931 жылы туғандар
- Алматыда туғандар
- Қазақстан гигиенологтары
- Медицина ғылымдарының докторлары
- Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы академиктері
- Құрмет Белгісі орденінің иегерлері
- Қарағанды мемлекеттік медицина институты түлектері
- Қазақ еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ғылыми-зерттеу институтының профессорлары