Мазмұнға өту

Бенедетто Кроче

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Кроче Бенедетто

Кроче (Сгосе) Бенедетто (25. 02. 1866 – 20. 11. 1952) - неогегелшiл итальян философы, тарихшы, әдебиет зерттеушiсi, сыншы, публицист, саяси қайраткер. 1903 жылдан бастап 50 жыл бойы көпшiлiгi өз мақалалары мен рецензиялары, жазбалары басылған «Сгitiса» атты журнал шығарды. Италия бурж. либерализмнiң басты идеологтарының бiрi. Негiзiн өзi қалаған (1948) либералдық партияның президентi. Кроче фашизмдi либерал.-бурж. тұрғыдан сынайды. Kроченің негiзгi еңбегi 4 томдық «Рух философиясы». Кроче тарих пен философияны ұштастыруды жақтап, тарих пен осы замаңғы өмiрдiң тығыз байланысты екенін баса көрсетті. Кроче – көптеген тарихи еңбектердің авторы. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы.1975. Том 6