Биномдық үлестірілу
Көрініс
Биномдық үлестірілу, Бернулли үлестірілуі — тәуелсіз сынаулар тізбегіне байланысты болып келген негізгі ықтималдықтар үлестірілулерінің бірі. X1, X2, … ықтималдығы р-ға және (1 — р)-ға тең әрі әрқайсысы 1-ді не 0-ді қабылдайтын тәуелсіз кездейсоқ шамалар тізбегі болсын. Егер тәуелсіз сынаулар саны n алдын ала берілген болса, онда мұндай сұлба Бернулли сынаулары деп аталып, Y=X1+X2+…+Xn оң нәтижелі сынаулар қосындысы келесі өрнекпен сипатталады:
мұндағы
- — биномдық коэффициент, . Биномдық үлестірулері бар Y кездейсоқ шамасының математикалық күтімі және дисперсиясы
болады. Іс жүзінде биномдық үлестірулер ықтималдығын есептеу үшін: n-нің шамасы кіші болғанда — кесте, n-нің шамасы үлкен болғанда — шекті теоремаларға негізделген жуық формулалар пайдаланылады. Биномдық үлестірулердің көп өлшемді жалпыламасы полиномдық үлестірілу болып есептеледі.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |