Мазмұнға өту

Биогендік заттар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Биогендік заттар - су объектілерінде фитопланктондардың жылдам өсіп-өнуіне зиянкес су ағзаларының өсуіне, су көзінің эвтрофиялық дамуына себепші болып, судың өздігінен тазару процесіне кері ықпалы болатын заттар. Топырақа қосылатын азот нитрификациялық процестердің әсерінен оңай еритін және тұрақсыз нитрат нысанына ауысады, топырақ ылғалдарын ластайды, сөйтіп жер асты суларын пайдалануға жарамсыз етеді. Нитраттық азоттың ауыз судың құрамындағы мүмкіндік шегі — 10 мг/л. Су көздерінің биогендік заттармен ластануы суармалы егістер дамыған аудандарда байқалуда. Мысалы, күріш егістігіне пайдаланылған тыңайтқыштардың 14—18 пайызы коллектор — тастанды сулар арқылы пайдаға аспай су көздерін ластайды. Суармалы егістіктерден су көздеріне пестицидтермен ластанған әрі түздылығы айтарлықтай қайтарма сулар көптеп түседі. Өімдіктерді қорғауда химиялық әдістердің кең турде қолданылуының салдарынан аумақтар, суғару жүйелері, өзен-көлдер және жер асты сулары ластанады. Ашық су көздеріне пестицидтер дұрыс сақталмаған жағдайда немесе тасымалдау кезінде олар шашылған аумақтан жаңбыр және қар суларымен бірге, ауыл шаруашылық алқаптарын авиа, және басқа да жолдармен өңдеудің технологиясы бұзылған жағдайда, оларды өндіретін кәсіпорындардың ақаба суларын төгу салдарынан түседі. Пестицидтердің, өндеу мерзімі мен мөлшерін сақтамау адамдарға тамақ, малға жем болатын ауыл шаруашылық өнімдерінде олардың шоғырлануына апарып соғады. Ауданы 1000 га болатын әрбір суару жүйесінен 1 жыл сайын шамамен 100 кг хлорорганикалық пестицидтер ағып шығады. Олар балықтардың ағзалары мен ұлпаларында жиналып, оларды уландырады және 1 қырып жібереді. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.