Мазмұнға өту

Бисмарк

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Бисмарк (1939)
Bismarck
Линкор «Бисмарк», 1940 жыл
Линкор «Бисмарк», 1940 жыл
Негізгі ақпарат
Түрі

Линейлік кеме

Мемлекет

Үшінші рейх

Суға түсірілді

14 ақпан 1939 жылы

Қолданысқа берілді

24 тамыз 1940 жылы

Қолданыстан шықты

27 мамыр 1941 жылы

Қазіргі уақытта

Батқан

Сипаттамасы
Су ығыстырымы

50 900 т

Ұзындығы

251 м

Ені

36 м

Биіктігі

15 м

Орташа шөгуі

10,2 м

Техникалық сипаттамасы
Қозғалтқыштар

150 170 л.с (110 МВатт

Винттердің саны

3 үш жүзді винт 4,7 м диаметрімен

Экипаж саны

2200 офицерлер мен матростар

Бисмарк (нем: Bismarck) — немістік әскери флот линкоры, екінші дүние жүзілік соғыстың ең танымалы кемесі. Неміс империясының бірінші канцлері Отто Фон Бисмарк атымен аталған.

Өзінін соңғы науқаны кезінде 1941 жылы мамыр айында Дания бұғазында британдық крейсер «Худті» батырады. Бұдан кейін британдық кемелердін бастаған аңшылық салдарынан, «Бисмарк» үш күннен кейін суға көміледі.

«Бисмарк» 1939 жыл

«Бисмарк» бастапқыда «Дойчланд» кемесінін мұрагері ретінде құрылды жәнеде негізінде сауда кемелеріне рейдерлі операциялар жасауға құрылған. Балтық теңізде жасалған сынақ бойынша «Бисмарктың» жылдамдығы 55,7 км/сағ, әлемдегі осындай кемелердін арасында ең үздік көрсеткіштер болған. Бірінші дүние жүзілік соғысынан кейін, «Бисмарк» германия флотының ең алғашқы соғыс кемесі болған.

Қаруланған, онда енгізілген сегіз 380-мм зейнеп төрт мұнарада орналасқан, бұл оған кез-келген линкорларға қарсы шығуға мүмкіндік берген. «Бисмарк» өзінін қызметі кезінде дүние жүзінде ең ірі кеме болған, ал бүкіл тарихта ірілігі бойынша 3 - орында тұрған. «Бисмарк» килі Гамбургта Blohm & Voss кеме жасау компаниясында 1936 жылы 1 шілдеде салынған. Кеме құрылыс айлақтаң 1939 жылы 14 ақпанда шыққан. Суға түсіру кезінде фюрер Адольф Гитлер мен ханзада Бисмарктың немересі Доротея фон Левенфельд қатысқан.

24 тамыз 1940 жылы линкор бірінші рангтағы капитан Эрнст Линдеманның қол астына берілген. Жабдық орнату және тексеру 1941 жылдың көктемінде дейін жалғасты.

Кеме эмблемасы

Жауынгерлік тарихы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Атлантикаға серпіліс

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
«Бисмарк», 24 мамыр 1941 жылы

«Rheinübung» операциясы «Бисмарк» пен «Принц Ойген» ауыр крейсерін Дания бұғазы арқылы Атлантикаға шығу жолын қарастырды. Операцияның ең басты мақсаты Британияға баратын теңіз жолдарындағы сауда кемелері болған. «Бисмарктін» колоннадағы әскери кемелерді өзіне тартып, «Принцу Ойгенге» сауда кемелеріне жету мүмкіндіг көзделді.

Операцияны басқаруға тағайындалған Гюнтер Лютьенс сынақтан өтіп жатқан «Тирпиц», жөнделіп жатқан «Гнейзенау» немесе Брестте тұрған «Шарнхорстті» қосып алатындай, операцияны кейінге қалдыруды сұраған. Бірақ германдық флоттын бас қолбасшысы гросс-адмирал Эрих Редер одан бас тартты. 18 мамыр 1941 жылы «Бисмарк» пен «Принц Ойген» Готенхаф базасынаң шығады.

20 мамыр «Бисмаркті» шведтік крейсер «Готланд» көреді; сол күні, екі үлкен кемені қосқан эскадрильяны, Норвегиялық қарсыласу мүшелері хабарлайды. Мамырдың 21 және 22 күндері неміс құрамасы норвегтік Берген қаласы маңындағы фиордта тұрақталды.

Онда «Бисмарк» пен «Принц Ойген» темір-сұр мұхиттық рейдер түсіне боялған, және «Принц Ойген» одан әрі «Волин» танкерінен отын алды. «Бисмарк» қосымша отын құю жасаған жоқ, кейінде байқағандай, бұл үлкен қателік болады.

Тұрақ кезінде кемелерді британдық ВВС ұшақ-барлаушысы «Спитфайр» суретке түсіріп алады. Тұрақ орнына британдық бомбылаушылар жіберілген, бірақ оған дейін немістік кемелер тұрақ орнын тастап кеткен. «Бисмарк» пен «Принц Ойген» көрінбей Норвегиялық теңізбен Солтүстік полярлық шенберді өтті. Британдықтар оларды едәуір оңтүстік жақта іздеген.

Испания аралдарының оңтүстік-батыс жағалауына британдық хоум-флит басқарушысы адмирал Джон Тови крейсер «Худ» және линкор «Принц Уэльскийді» эсмиецтердін қолдауымен жібереді. «Саффолк» крейсері Дания бұғазында орналасқан крейсер «Норфолкке» қосылды. Женіл крейсерлер «Манчестер», «Бирмингем» және «Аретьюза» Испания мен Фарерлік аралдарында күзетке тұрды.

Түнде 22 мымыр күні Адмиралдың басқаруымен, линкор «Кинг Джордж V» пен авианосец «Викториес» және күзет кемелерімен, британдық Скапа-Флоу бухтасынан Оркнейск аралдарына шақты. Флотилия германдық кемелерді солтүстік – батыс Шведцарияда күтіп алып және сол жақта оларға «Рипалс» кемесі қосылуы жоспарланды.

22 мамыр кешке таман жартылай мұзға басылған Дания бұғазында қалын тұман кезінде «Норфолк» пен «Саффолк» германдық эскадрильяны көзге түсіреді. «Бисмарк» «Норфолкке» оқ атады. Британдық кемелер басқармаға хат жолдап тұманға шегініп, радар қашықтығында аңдуды бастайды. Атыс кезінде «Бисмаркте» бас жақтағы радар істен шыққандықтан, Лютьенс «Принц Ойгенге» алда жүруге бұйрық береді.

Дат бұғазындағы шайқас

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
«Худтың» батуы

Британдық кемелер «Худ» пен «Принц Уэльский», «Бисмаркті» ұстауға шығып, 24 мамыр таңда оны көзге көреді. Британдық кемелер шайқасты таңда 22 км арақашықта сағат 5:52 де бастайды. Вице-адмирал Холланд, оны «Бисмарк» деп ойлап, бірінші келе жатқан кемеге атуға бұйрық береді. «Принц Уэльскийде» қателікті түсініп екінші кемеге ата бастайды. Германдық кемелер біраз уақыт бойы жауап бермеді: өйткені адмирал Лютьенс әскери кемелермен шайқасқа түспеуге бұйрық алған.

Алайда, британдық кемелерінің бірнеше залпынан кейін капитан Линдеман, өз кемесіне жауапсыз атуды жауапсыз қалдырмады. «Худқа», «Принц Ойген» мен «Бисмарк» жауапты залп атады.

Холланд басқа кемеге атып отқаның түсінді, алайда оңын бұйрығы зеңбірекшілерге жетпегені көрінеді, өйткені «Худ» әліде «Принц Ойгенге» атуды жалғастырды. 5:56 да «Принц Уэльскийдін» алтыншы залпы тиеді: оқ отын резервуарларын тесіп өтіп, отынның ағуына әкеліп соқтырады.

«Бисмарк» мұнайлы із қалдыра бастады. Бір минуттан кейін «Принц Ойгеннін» екінші залпы және «Бисмарктін» үшінші залпы «Худқа» тиіп өртке әкеледі. «Принц Уэльскийдін» тоғызыншы залпы «Бисмарктін» ватерсызығынын астына тиеді. 6:00 де кемелердің арақашықтығы 16-17 км ге дейін жақындайды. Сол уақытта «Худта» жарылыс естіледі, ол «Бисмарктін» тоғызыншы залпынын оқ қоймасына тигендігінен екені көрінеді, кеме екі бөлікке бөлінеді, мұрны мен арты ауаға ұшады, ол аз уақытын ішінде суға көміледі. 1417 адамнан құралған командадан, тек қана үшеуі тірі қалады. «Принц Уэльский» шайқасты өте сәтсіз жалғастырды: ол батып бара жатқан «Худ» пен соғыспау үшін неміс кемелерімен 14 км арақашықтығына жақындайды. Линкор жеті оқ алып шайқастан түтін пердесі арқылы шығады.

Капитан Линдеман «Принц Уэльскийді» қудалап батыруды ұсынды, бірақ адмирал Лютьенс жорықты жалғастыру шешімін қабылдайды. «Бисмарк» шайқаста бір генераторын жоғалтады, №2 котельня суға тасыйды, екі отын резервуары тесілген кеме оң жақ бортқа орам алады. Лютьенс «Бисмаркті» Франциядағы Сен-Назер портында жөндеуге шешім қабылдайды, сол жақтан оған қарсылықсыз Атлантқа шығуға жол ашық болатын. Сонымен қатар, кейінірек оған сол жерде «Шарнхорст» пен «Гнейзенау» қосылуына мүмкіндік беретін еді. «Принц Ойген» капитанына өзі жорықты жалғастыра беруіне бұйрық беріледі.

«Норфолк», «Саффолк» пен «Принц Уэльский» немістерді қудалап, олардың орналасқан жерін хабарлап отырды. «Худ» тін өлімі британдық Адмиралтействосына қатты әсер тигізді, оның мән-жайларын зерттеу үшін арнайы комиссия құрылды. Солтүстік Атлантикада орналасқан Британдық әскери кемерледің көп бөлігі «Бисмаркті» қудалауға тартылды. Батыс Ирландияда орналасқан кеме «Родни» мен үш эсминец, таңда 24 мамыр конвойды қалдырып адмирал Тови қол астына өтуге бұйрық беріледі. Қосымша тағы екі линкормен екі крейсер тартылды.

24 мамыр сағат 18:14 те «Бисмарк» тұманда қудалаушыларға қарай бұрылады. Қысқаша жекпе-жекте ешкімге оқ тимеген, алайда британдық кеме жалтаруы керек болды. «Принц Ойген» жекпе-жекте сәтті кетіп қалады. «Принц Ойген» француздық Брестке 10 күннен кейін жетеді. Лютьенс 21:32 де, отынның жетпеуіне қарай «Бисмаркті» тікелей Сан-Назераға апаратының хабарлады.

Кешке таман 24 мамырда адмирал Тови авиатасығыш «Викториеске» арақашықтықты қысқартуына бұйрық береді, одан сағат 22:10 да 9 торпеда тасушы «Суордфиш» ұшады. Үлкен қарсыластық астында олар линкорға шабуыл жасап бір торпедасы оң жақ бортына тигізеді. Нашар ауа-райына, қараңғыға, төмен тәжірибеге және радиомаяктың бұзылғанына қарамастан, барлық ұшақтар сағат 2:30 да авиатасығышқа сәтті жетеді. Кемеге елеулі залал тимеген, жалғыз тиген торпеда басты сауыт белдеуіне тиген. Экипаждан бір адам қайтыс болады. Шабуылдан қорғану кезінде барлық зенитті мылтық, тіпті ірі калибрлі мылтықтарда қолданылады, «Бисмарк» жылдамдығын арттырды, торпедадан қашуға жалтық маневрлер қолданады. Нәтижесінде кемеде ағым өсіп және мұрын дифференті өседі. №2 котельныйды түгелдей су басады. Түнде 24 мен 25 мамыр арасында «Бисмарк», оны қудалағаның қолданып, байқағандай, суасты кемелер шабуылдарынан қорқып, ирек – ирек қозғала бастап, байланыс үзеді. 24 мамыр сағат 4:01 де «Саффолк» хабарлайды: «жаумен байланыс үзілді».

«Бисмарктін» Атлантикалық рейді және оңын ұсталуы

Алайда, «Бисмаркте», байқалғандай, «Саффолктан» сигнал әліде қабылдап отырған, жәнеде 25 мамыр таңғы сағат 7:00 де Лютьенс қолбасшылыққа, қудалау жалғасқанын хабарлайды, ал 9:12 де тағыда, өте ұзақ радиограмма жібереді.

Кешке таман қолбасшылық Лютьенске, Британдықтардын оны жоғалтқандығын хабарлайды, жәнеде өзінін лауазымы мен жылдамдығын хабарлауға бұйрық береді. Лютьенс бұл радиограммаға жауап қайтармайды, бірақ танғы радиограммалырдын көмегімен Британдықтар «Бисмарктін» орналасқан жерін табады.

Алайда, Тови қателесіп, «Бисмаркті» Исландия бұғазы мен Фарески аралдары арасына бет алды деп, өз кемелерін солтүстік-батысқа жүргізеді.

26 мамыр 10:10 да «Бисмарк» Бресттен солтүстік-батысында 690 миль арақашықтығында американ-британдық экипажымен гидроплан «Каталина» арқылы анықталған. Ұшақ кемені іздеуге Лох-Эрне базасынан шыққан.

Бұл уақытта ұшақты Леонард Б. Смит айдаған. Тығыз зенитті атудан құтылу үшін, Смит асыға тереңдік бомбаларды тастап бұлттарға қарай ұшады. Сол күні, «Бисмаркті», сондай-ақ басқа екі американдық ұшқыштар табады. Лютьенке 690 миль Брестке дейін қалған еді.

Бұл оған басып алынған Франция жағалауына жақындаған кезде, люфтваффе ұшақтары көмекке келе алатын еді. Жалғыз ғана, «Бисмаркті» тоқтатуға қолына келетін құрама, Гибралтардан шығып келе жатқан, адмирал Соммервил астындағы, «H» құрамасы еді. Құрамында авиа тасығыш «Арк Ройял» болған. 14:50 де анықталған орнына қарай торпеда тасушы - бипландар «Суордфиш» ұшырылады. Бұл уақытта сол жерде, «Бисмаркпен» байланыс түзуге, құрамадан бөлініп кеткен крейсер «Шеффилдке» хабарланбаған ұшқыштар қателесіп кемеге торпедалар жібереді. Бақытқа орай, 11 торпеданың бірде-бірі кемеге тимеген. Шабуылдан кейін жаман жағынан көрінген торпедадағы магнитті жарылғышты байланыстыға өзгертіледі.

«Шеффилд» 17:40 та «Бисмаркпен» байланысқа шығып қудалай бастайды. 20:47 де оң бес торпеда тасушы «Арк Ройялдан», «Бисмаркке» екінші рет шабуылға шығады. Екі ұшақтын төмен жүргізілгені сонша, теңіз толқындары арасынан әрең көрінген жәнеде тез ататын кіші калибрлі артиллерия шабуылшылардан жоғары қалған. Британдық ұшқыштар екі торпеда тигізеді. Солардың біреуі шешуші салдар қалдырады: торпедадан жалтаруға тырысып, «Бисмарк» солға бұрылған кезде, торпеда кеменің ортаңғы сауытына тимей, кеменін оң жақ кормасына тиіп, рульді механизмге үлкен залал тигізіп рульді қатырып тастайды.

«Бисмарк» бұрылу мүмкіндік жоғалтып циркуляр сыза бастайды. Бақылауды қалпына келтіру әрекеттері сәтсіз болып, линкор солтүстік-батысқа қарай қозғала бастайды.

21:45 те «Бисмарк», «Шеффилдке» оқ атаып, 12 адам жарақаттайды, ал қараңғыда британдық құрамамен шайқасқа шығады. Құрамада «Казак», «Сикх», «Зулус» және «Маори» эсминецтерімен, Ұлыбритания Польша флотына берілген эсминец «Гром» кіреді. Бірде бір тарап оқ тигізе алмады. Таңға жақын кемелерді тоқтатуға бұйрық беріледі. Кеме қазірдің өзінде Германия бомбалаушылардың іс-қимыл радиусын да болған, бірақ олар «Бисмаркке» көмек көрсетпеген. Инженер-капитан Юнак мостиктан, техникалық қажеттілікке қарай, тым болмаса баяу жылдамдық алуға рұқсат сұраған. Мостиктан жауап: «Ах, қалағаныңды істе». Кемеге баяу жылдамдық берілді. 8:15 те соңғы рет дабыл естілді.

27 мамыр таңғы 8:00 де «Родни» мен «Кинг Джордж V», «Бисмаркке» 21 теңіз милі арақашықтығына жақындайды. Сол уақытта көріну арақашықтығы 10 теңіз милі болған және теңіз толқындары 4-5 балға жеткен. Жел, 4-5 балдық күшпен, солтүстік-батыс жақтан соғып тұрған. «Бисмаркке» атып тұру үшін, «Родни» солтүстікке қарай бағыт ұстап тұрды, ал «Кинг Джордж V» сол уақытта шетте жүреді.

Бірінші оқ сағат 8:47 де атылады. «Бисмарк» жауап берді, бірақ оның жалтармауы және крен, ату дәлдігіне жағымсыз әсер тигізеді. Баяу жылдамдық оны ауыр крейсерлер «Норфолк» пен «Дорсетширге» женіл нысана қылады. 9:08 де «Родни» 406-мм оқпен, «Бисмаркатін» екі мұнарасын, «Антон» мен «Бруноны» тесіп өтеді. Сол уақытта бақылау-өткізу пунктіне оқ тиюімен, жоғары шенеудегі көптеген офицерлерді өлімге кетеді. Кеменің кіші мұнаралары «Кейсер» мен «Дора» жақын арақашықтықта шайқасты жалғастырады, бірақ бірде-бір оқ тигізбейді.

9:21 де «Дора» атылады. «Антон командасына соңғы залп 9:27 де жібереді. 9:31 де «Кейсер» де соңғы залп атып, істен шығады. «Худқа» қарсы жасалғанға ұқсас, табысқа жету үмітпен, бүкіл шайқас бойы «Бисмаркатін» көңілі «Родниға» шоғырланған болатын. 44 минуттық шайқастан кейін «Бисмарктін» ауыр қаруы атысты тоқтатты. «Родни» тікелей ату арақашықтығына жақындаған, ал сол уақытта «Кинг Джордж V» үлкен қашықтықта атысты жалғастырған.

«Бисмарк» жауынгерлік туын көтерген кеткен жоқ. Британдықтар «Бисмаркті» тыныштықта қалдыруға ниеті болмаған, бірақ ол тең емес күреске қарамастан, шайқастын аяқталу белгілерін көрсеткен жоқ. Отын мен оқ қоры Британдықтар да көп болмапты. Бұл сандық үстемдікке қарамастан, қосымша қиындықтар туғызды. Алайда, жаудың портқа жете алмайтыны болғандықтан, «Родни», «Кинг Джордж V» пен эсминецтер үйге қайтарылған.

Крейсерлерге «Бисмаркті» торпедамен жоюға бұйрық беріледі. «Норфолк» соңғы торпедасын қолданады, шайқасқа қосылған «Дорсетшир» үш 533-мм торпеданың біреуі «Бисмаркке» тиеді. Кеменің жоғарғы палубасы толығымен қиратылады, бірақ оның машиналары әлі жұмыс істеп тұрды.

Кингстонды ашып кемені тастауға бұйрық беріледі. Команданың көптегені борттан секіреді, бірақ астынғы палубадан тек аз ғана адамдар шыға алған. Капитан Линдеман, мостикке 16-дюймдық оқ тигеннен кейін, барлық офицерлермен бірге өлген болып саналған. Ол кемеден бас тартуға бұйрық берді ма, сондай-ақ түсініксіз. Сонымен қатар, аман қалған адамдардын, кейбіреулері, капитанды тірі көргендігін және өз еркімен кемесімен түбке түскендігін айтатын.

Тірі қалған адамадар «Dorsetshire» кемесінде құтқарылуы

«Бисмарк» су астына таңғы 10:39 да түседі. Кеме суға батқанын Ұлыбританиядағы «Рейтер» агенттігі хабарламағанша, оның тағдырын білмей, «Батыс» группасы «Бисмаркке» бірнеше сағат бойы сигналдар жіберіп отырады.

Крейсер «Дорсетшир» пен эсминец «Маори» тірі қалған адамдарды құтқаруға қалды, алайда, неміс сүңгуір қайығы келгенінен кейін, 111 адам құтқарып, шайқас орнын қалдырып кетеді. Құтқарылғандардың арасында кеме мысығы болды. Кешке таман немістің сүңгуір қайығы U-74 үш тірі қалған адамды құтқарып алады. «Бисмарктін» 2220 адамдық командасы ішінен 2104 қайтыс болады.