Болейн әулетінен шыққан тағы біреу (фильм, 2008)
Болейн әулетінен шыққан тағы біреу | |
The Other Boleyn Girl | |
Жанры | |
---|---|
Режиссёрі |
Джастин Чадвик |
Продюсері |
Скотт Рудин |
Сценарийдің авторы |
Филиппа Грегори |
Басты рөлдерде |
Натали Портман |
Кинокомпания | |
Ұзақтығы |
114 мин |
Бюджеті | |
Кассалық түсімі | |
Мемлекет | |
Тілі | |
Шыққан жылы | |
IMDb | |
http://www.sonypictures.com/movies/theotherboleyngirl/ |
«Болейн әулетінен шыққан тағы біреу» (ағылш. The Other Boleyn Girl) — Тюдор әулетінен шыққан патша VIII Генрихтің басқарған заманы және патша жүрегі үшін әпкелер Мария мен Аннаның бәсекелестігі жайлы режиссер Джастин Чадвик түсірген тарихи драма. Сценарийдің негізінде британдық жазушы Филиппа Грегоридің аттас әйгілі кітабы жатыр. Фильмнің тұсаукесері 2008 жылы 19 ақпанда Лондон қаласында өтті.
Сюжет
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Англия. Патшалар, ханзадалар мен ханшайымдар заманы. Отағасы өзінің сарайдағы жағдайын жақсарту үшін қыздарының бірі Аннаны әйелі мұрагерді дүниеге әкеле алмаған VIII Генрихке көңілдес әйел ретінде бермекші болады. Алайда патшаға екінші қызы – патшайымның фрейлинасы тұрмыс құрған Мария ұнап қалады. Мария әкесі мен күйеуінің айтқанына көнуге мәжбүр болады. Бүкіл отбасы сарайға көшеді. Мария Генрихтің көңілдес әйелі болып, заңсыз туған ұлды дүниеге әкеледі. Бірақ әпкесінің жағдайына қызғанған Анна патшаның көңілін бар күшімен аулауға тырысады. Екі әпке де патшамен төсектес болса да, тек біреуі ғана таққа баскесердің семсерімен аяқталатын қысқа мерзімді өмір бұйырған.
Патшаның әуесқойлығы тек басты кейіпкерлерге ғана емес, өзінің еліне де әсер етпекші.
Рөлдерде
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Скарлетт Йохансон - Мария Болейн
- Натали Портман - Анна Болейн
- Эрик Бана - патша VII Генрих
- Кристин Скотт Томас - Элизабет Болейн
- Джим Стерджесс - Джордж Болейн, Рочфорд виконты
- Ана Торрент - Екатерина Арагонская
- Эндрю Гарфилд - Фрэнсис Уэстон
- Джуно Темпл - леди Джейн Паркер, Ричфорд виконтессасы
- Эдди Редмэйн - Уильям Стаффорд
- Дэвид Морриссси - Томас Говард
- Бенедикт Камбербэтч - Уильям Кэри
Қосымша ақпарат
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Көптеген Британияның әдебиетшілері мен телевизиялық мамандары «Болейн әулетінен шыққан тағы біреу» экранизациясына қарсы болды. Бұның себебі басты кейіпкерлердің рөлдерін американдық актерлер (Скарлет Йохансон, Натали Портман) ойнағаны болып табылады.
- 2007 жылдың тамызында Англияда бірнеше күн бойы фильмді қайтадан түсірді. Сонымен қатар Анна Болейн мен патшаның неке тойының көрінісі түсірілді. Естуі бойынша бұл түсірілімдер студияның фильмнің бірінші нұсқасын тым қысқа деп есептегеннен жасалды.
- Кейбір тарихшылар Марияның Аннаның кіші сіңлісі болды деп есептейді. Бірақ оның балалары Мария үлкен болды деп ойлайды. Бұл пікірмен көптеген ғалымдар келіседі. Сондай-ақ фильм бойынша көрермендер Аннаның Болейн әулетінде ең сұлу екенін түсінеді. Алайда бұл олай емес – VIII Генрихтің сарайында Мария Болейн ең сұлі әйел болды, дегенмен Анна патшаның әйелі атанса да, ондай болған жоқ. Сондай-ақ Мария Болейннің қарапайым бейнесі де шындық емес – оның Франциядағы жарамсыз қылықтары туралы сол кезде көп өсек болған. Бірақ оны шынымен де байлық пен атақ қызықтырмағаны рас. [2]
- Қуғынға ұшыраған Тауэрда әпкесіне келуі мен патшаның алдында Аннаны қорғауы тарихи оқиғаға сай келмейді. Шын мәнінде Аннаның өлімінің алдында Мария Эссекстегі өзінің сарайында тұрды және Мария өзінің немере жиен Елизаветаны болашақ Англия патшайымының тәрбиесімен ешқашан айналыспаған.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ a b Болейн әулетінен шыққан тағы біреу Box Office Mojo сайтында
- ↑ Fischer, Paul Bana Takes on Kings and Icons. Film Monthly.com.