Бриджет Райли
Бриджет Луиза Райли | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Азаматтығы | |
Өнер ағымы | |
Марапаттары |
John Moore’s Liverpool |
Бриджет Луиза Райли (ағылш. Bridget Louise Riley, 1931 жылы 24 сәуір Лондон, Ұлыбритания) — заманауи өнер ағылшын суретшісі, оп-арт өнер ағымының ең беделді өкілі.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бриджет Луиза Райли 4 сәуірде 1931 жылы Лондонда дүниеге келген.[1] Екінші дүниежүзілік соғысының алғашқы жылдарында Бриджет отбасымен Корнуолл графтығына көшіп кетті.[2] Бриджет бейнелеу өнерін 1946-1948 жылдары Челтенхэмдегі әйелдер колледжінде оқып бастады. Соңыра 1949-1952 жылдары аралығында Бриджет Голдсмит университетінде,[3] одан кейін 1952 және 1955 жылдары аралығында Корольдік өнер колледжінде оқиды,[4] онда Жорж-Пьер Сераның кескіндемесін оқып, өнер бакалавр дәрежесін алып бітірді. Содан кейін ол біршама уақыт шыны бұйымдар дүкенінде сатушы болып жұмыс жасады, балаларға сурет мұғалімі және көркем фотограф болып жұмыс жасап үлгерді.
Бриджет Райлидың алғашқы туындылары Жорж-Пьер Сераның стилі, жарқыраған нүктелі пуантилизмге жақын болатын. 1961 жылдан бастап Бриджет Раулидың портфолиосында оптикалық эффектісі бар шаршылар,шеңберлер бейнеленген суреттер пайда бола бастады. Бриджет үлкен форматты суреттерінің әрбіреуіне кейде бірнеше айға дейін уақыт салатын.
1960 жылы Бриджет Райли Италияға "этюдтарға" барады, онда ол итальяндық бейнелеу өнерінің кең спектірін Ренессанс дәуірінің жұмыстары мен итальяндық футуристердің жұмыстары арқылы зерттейді. Сол жылы Хорнси өнер колледжінде оқытушы ретінде қызмет істеп бастайды. Осы уақытта Бриджиттың оп-арт ағымындағы алғашқы жұмыстары пайда бола бастады.
1962 жылы Бриджет Луиза Райлидың алғашқы жеке көрмесі лондондық Gallery One-да, соңыра 1965 жылы Нью-Йорктегі Ричард Фейген галереясында үлкен жетістікпен өткен болатын.[5] 1965 жылы Бриджет Райли Нью-Йорктегі заманауи өнер мұражайында the Responsive Eye көрмесіне қатысты.
Бриджет үш өнер шеберханасында жұмыс істеген болатын, біріншісі Корнуоллда, екіншісі Лондонның Кенсингтон және Челси округінде, үшіншісі Францияда, Воклюзда болды. 1983 жылы ол Ливерпульдегі Корольдік ауруханасының ішкі дизайнын безендірген болатын. Сондай-ақ, балет қойылымдарын көркемдеп безендірумен айналысты.
Марапаттары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- John Moore’s Liverpool Exhibition сыйлығы (1963)
- AICA Critics Prize сыйлығы (1963)
- Stuyvesant Foundation фондының стипендиясы (1964)
- Order of the Companions of Honour ордені (1998)
- Жапония Императорлық сыйлығы (2003)
- Goslarer Kaiserring' сыйлығы (2009)
- Рубен сыйлығы (2012)
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Bridget Riley born 1931.
- ↑ Mary Blume (19 June 2008), Bridget Riley retrospective opens in Paris The New York Times.
- ↑ Kudielka, R., "Chronology" in Bridget Riley: Paintings and Related Work, London: National Gallery Company Limited, 2010, pp. 67–72.
- ↑ Chilvers, Ian & Glaves-Smith, John eds., Dictionary of Modern and Contemporary Art, Oxford: Oxford University Press, 2009. pp. 598–599
- ↑ Museum of Modern Art online collection.